Ыстамбулда қарсылық акциясы өтуде

/uploads/thumbnail/20170710025539919_small.jpg

Түркиядағы референдум қорытындысына қарсы шыққан мыңдаған адам Ыстамбул көшелеріне шықты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Ыстамбулдың Бешікташ ауданында мыңнан астам адам, Кадыкейде екі мың адам қарсылық акциясына шықты.

Қарсылық кезіндегі құқық бұзушылықтар туралы хабар таратылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуір күні Түркияда конституциялық өзгерістер оның ішінде президент билігін күшейту жөнінде референдум өткен болатын. Нәтижесінде Түркия халқының 51,4% өзгерісті қолдаған. 2019 жылдан бастап Түркия президенті мемлекеттік жүйенің басшысына және үкімет басшысына айналып, министрлер мен өзге де шенеуніктерді тағайындап, ел бюджетіне, парламентте өзгерістер жүргізіп, өз партиясын басқарып, мемлекеттік заң деңгейіндегі қаулылар бере алады. Президенттің билікте отыру уақыты 5 жылға ұзартылады. Және екі рет қатарынан сайлануға мүмкіндік береді.

Егер Түркияның қазір президенті Режеп Тайып Ердоған 2019 жылғы сайлауда жеңіске жетсе,  2029 жылға дейін елдің толық басшысына айналады.

Қатысты Мақалалар