Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентін Конституцияға өзгеріс енгізу туралы жалыпхалықтық референдумның сәтті аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды Қамшы АА Ақорданың баспсөз қызметіне сілтеме жасап.
«Референдум қорытындысы сіздің Түркия халқы арасындағы беделіңіздің жоғары екенін және сіздің елдің халықаралық аренадағы ұстанымын нығайту саясатыңызды қолдайтынын айқын дәлелдейді. Сіз басшылық етіп отырған Түркия Республикасы жаһандық саясатта өзінің маңызды орны бар зайырлы мемлекет болып қалатынына күмәнім жоқ.
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық екі мемлекеттің игілігі үшін жалғасын табатынына сенемін» делінге хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президентіне бауырлас мемлекеттің болашақта өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.