«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған жиын өтті. Жиналысқа «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің толық құрамды қызметкерлері қатысты деп хабарлайды Қамшы АА «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аталған жиын барысында қорық-музейдің ғылыми қызметкері Б.Байболов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаға байланысты баяндама оқыды. Елбасы мақаласына жан-жақты тоқталып атқарылып жатқан «Қазақстанның киелі жерлерінің, географиясы» жобасы елімізді танытуға тың серпіліс беретінін, соның арқасында Ұлы Дала елінің ұлан-ғайыр атырабында орналасқан Түркістан, Ұлытау, Маңғыстау, Жетісу, Алтай сынды киелі орындардың қайта түлеуіне зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, жиын барысында мақалада көрсетілген «Ұлттық сана», «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мәдени-географиялық белдеу», «100 жаңа есім» және өзге де мәселелер кең көлемде талқыланып, қорық-музей қызметкерлері тарапынан бір ауыздан қолдауға ие болды.
Д.Қожамұратов
Пікір қалдыру