Петербордағы теракт: Күдікті өз кінәсін мойындамады

/uploads/thumbnail/20170710030508162_small.jpg

Петербор метросындағы жарылысты ұйымдастыруға қатысы бар деп тұтқындалған Аброр Азимов өзінің бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Азимовтың мәлімдемесі өзінің қорғаушысының сөзіне сәйкес келмейді. Күдіктінің қорғаушысы сот алдындағы тілшілерге берген сұхбатында өзінің қорғалушысының кінәсін мойындайтынын жеткізген болатын.

Азимов сотта: «Менің бұл іске тікелей қатысым жоқ. Мен өзімнің қалай көмектескенімді байқамадым», - деді.

 Вагонға жарылғыш зат алып кірген жанкешті Акбаржон Джалиловтің дайындығына көмектескен деген күдікпен Аброр Азимов 17-сәуір күні тұтқындалған болатын. Азимов 1990 жылы Қырғызстанда дүниеге келген, қазіргі сәтте Ресей азаматы. Күдікті өз білімі жайлы жеті сынып бітіргенін айтты.

Айта кететіні, қазіргі сәтте Петербор метросындағы лаңкестік әрекетке қатысы бар деп танылған 8 күдіктінің барлығы қолға түсті. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар