Шетелдік ғалымдар марихуананың есте сақтау қабілетіне оң әсерін тигізетінін дәлелдеді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Марихуана арқылы кәрі адамдардың есте сақтау қабілетін жақсатуға болады екен. Фридрих Вильгелм атындағы медицина университетінде марихуананың адамның есте сақтау қабілетіне қалай әсер ететінін білу үшін тәжірибе өткізілген болатын.
Тәжірибе жүргізгендердің айтуы бойынша, марихуананың орташа дозасы адамның есте сақтау қабілетін айтарлықтай жақсартады. Алайда оның дозасын зерттеушілер ғана нақты біледі. Белгіленген дозадан асырып қолданатын болса адам өліп кетуі де мүмкін.
Шолушы: Әсел Өтешова