Нью-Йоркта жаяу жүргіншілерді қаққан қылмыскер «миында дауыстарды» естігенін айтқан

/uploads/thumbnail/20170710073028438_small.JPG

Нью-Йоркта Таймс-скверде 18 мамырда болып өткен қанды оқиғаға байланысты жаңа деректер белгілі болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 18 адамды жарақаттап оның ішінде 18 жастағы қызды өлтірген Ричард Рохас есімді АҚШ азаматы адамдарды қаққан кезде «дауыстарды» естігенін айтқан. Осыған дейін ер адамның қамауға алынғаны белгілі болған.
Оның осыған дейін  әскери қызметте болғаны да тергеу әрекеттері кезінде анықталды. Ричард жаяу жүргіншілерді қаққанда оның мас болмағандығы сот сараптамасымен дәлелденді. Қылмыскердің жазадан қашу мақсатында өзінің есінің дұрыс еместігін дәлелдегісі келген болуы да мүмкін. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар