Бомж қалайша 5 жұлдызды қонақ үйде 4 күн бойы тегін тұрған? (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710073034110_small.jpg

Үй-күйсіз жүрген «бомж»: 5 жұлдызды қонақ үйде 4 күн бойы тегін тұрып келді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Ол бірнеше күн бойы жақсы жағдай жасалған жерде өмір сүргісі келген екен. Көшеде түнеуден шаршаған азамат 5 жұлдызды қонақ үйде тегін тұру үшін сол жердің қызметкерлеріне аянышты оқиғаны баяндап берген.

Ол қонақ үй қызметкерлеріне құжаттары мен ақшасын жоғалтып алғанын айтады. Біраз уақыттан соң ақшасын төлейтінін айтып уәде береді. Енді 61 жастағы қария қонақ үйге 2000 евро төлеу керек екен.

Ол қонақ үйден қашып кетпекші болғанда оны полиция қызметкерлері тұтқындап үлгерген. Қазір алаяқтыққа байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қария қонақ үй қызметкерлерін алдап кеткені үшін өкінбетінін айтты.

Шолушы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар