5 жастағы бала анасының өмірін құтқарып қалған

/uploads/thumbnail/20170710073044641_small.png

 30 жастағы Джемма Харрис баспалдақпен түсіп келе жатып аяғы шалынып құлап қалған. Басын соғып есінен танып қалған ол шарасыз күйге түскен. Осы кезде қасында болған 5 жастағы баласы Альфи бұл жағдайда анасына қолғабыс еткен.

Джемма есін жиғанда баласы жедел жәрдем шақыртып жатыр екен. 5 жастағы Альфи жедел жәрдем шақыруды мультфильмнен үйреніп алған.

   «Егер балам болмаса не істер едім. Қозғала алмай жаттым. Телефонға бару түгілі қимылдауға мұршам болмады»-деп есіне алады баланың анасы.

Құлап бара жатқанда ұлының есімін атап шақырып үлгерген екен. Күйеуі жұмыста болған соң баласы оған көмек көрсете алатын жалғыз адам болған. 5 жастағы Альфи жедел жәрдемге телефон соғып мамасының қимылдамай, сөйлемей жатқанын айтқан. Одан кейін өзінің мекен-жайын айтып дәіргерлерді күтуге сыртқа шыққан. Жедел жәрдем Джеммиді ауруханаға алып кеткен.  Арада біраз уақыт өткен соң өміріне айтарлықтай қауіп болмағаннан кейін үйіне қайтып оралды. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар