Алматыда баскетбол бойынша балалар үйі және мектеп интернаттары арасында «Үміт кубогы» чемпионаты өтіп жатыр

/uploads/thumbnail/20170710073248721_small.jpg

Алматы қаласына балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, жас спортшылар баскетбол бойынша Қазақстан Республикасының "Үміт кубогы" чемпионатына қатысуға келді. Чемпионат 9 күнге созылады. Биыл жобаға Қазақстанның 16 қаласынан – Атырау, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Астана, Өскемен, Тараз, Жезқазған, Екібастұз, Семей, Павлодар, Шымкент, Алға, Алматы, Сайрам, Сандықтау қалаларынан 17 команда ұсыныс білдіріп, жалпы сайысқа қатысушылар саны 168 баланы құрады. Чемпионатта жеңіске жеткен команда баскетбол бойынша спорт шеберлігіне үміткер мәртебесін алады, онымен қоса барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағазымен марапатталады. Атаулы сайыс Қазақ туризм және спорт академиясында өткізіледі. Жас өспірімдер тек сайысып қана қоймай бос уақытында Алматы қаласын саяхаттап, қосымша “Жастарға жол” қоғамдық қорының негізін қалаушы Рафаэль Гасанов және психолог Жанна Нурсеитованың ынталандыру мақсатындағы дәрісін тыңдап, «Мафия» және «Қолтырауын» тәрізді біліктілікті арттыратын ойындарды ойнайтын болады. Айта кетейік, іс-шараны ұйымдастырушы және бас демеушісі «Халық» қайырымдылық қоры.

«Халықтық лига» шеңберінде соңғы 12 жылдық көлемінде балалар үйі мен мектеп-интернаттары тәрбиеленушілері баскетболмен шұғылданып келеді. Додаға қатысушылар толықтай тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталып және сайыс алдында баскетбол бойынша ең үздік өңірлік бапкерлермен жаттығады. ҚР Білім және ғылым министрлігі және ҚР ұлттық баскетбол федерациясының қамқорлығымен өтетін "Үміт кубогы" чемпионатына спортшылар жылына бір мәрте жиналады. Команда ойыншылары жыл сайын баскетбол бойынша спорт шеберлігінің үміткері мәртебесін иеленіп және өзінің спортық мансабын ұштауға мүмкіндік алады.

Салауатты өмір салтын ұстану, Қазақстан бойынша балалар үйі мен мектеп-интернаттары тәрбиеленушілері арасында баскетбол спорт түрін дамыту «Халықтық лига» әлеуметтік жобасы 2005 жылдан бастау алған. Атаулы жоба спортқа деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, балалардың бос уақытын дұрыс пайдалануға баулып, Қазақстан бойынша 17 балалар үйі мен мектеп-интернаттарын біріктіре келе жыл сайын 500 тәрбиеленушілерді спортпен шұғылдануға итермелейді. «Халықтық лига» бастау алғалы жылдар ішінде жобаға балалар үйінен 3 мың тәрбиленуші қатысып, жалпы Қазақстан Халық банкі тарапынан қаржыландырылған сома 330 млн теңгеге жетті.

Қатысты Мақалалар