Ливияда әуебазаға шабуылдан 141 адам өлім құшты

/uploads/thumbnail/20170710073643772_small.jpg

Ливияның әуебазасына шабуылдан 141 адам қаза тапты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Agence France-Presse-ға сілтеме жасап.

Скай Ньюс Арабияның хабарлауынша шабуыл 18 мамырда орын алған. Уақытша үкіметтің жақтастары Ливия Ұлттық армия базасына соққы жасаған. Онда парадтан қайтқан қарусыз әскерлер болған. Құрбандар арасында әскерилер мен қатар қарапайым азаматтар да бар.

Триполидағы Ливияның ұлттық келісім үкіметі әуебазаға шабуыл жасауға бұйрық бермегені туралы хабарлады. Қазір Ливияда қос билік режимі бар. Елдің шығысын сайланған халықтық парламент билесе, батысы – Триполиді БҰҰ қолдауындағы ұлттық келісім үкіметі басқарады. 

Қатысты Мақалалар