70 КАНН ФЕСТИВАЛІ - ЖҰЛДЫЗДАР ЖИЫНЫ: МОНИКА БЕЛЛУЧИ, УИЛЛ СМИТ ЖӘНЕ ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ

/uploads/thumbnail/20170710073650850_small.jpeg

Францияда 70-Канн фестивалі басталды. Әлем көз тіккен дүбірлі шара өз жұмысын бастап, әлемдік жұлдыздар қызыл кілеммен жүріп өтті. Канн фестиваліне Джессика Честейн, Педро Альмодовар, Паоло Соррентино, Уилл Смит, Моника Беллуччи, Белла Хадид, Лили-Роуз Депп, Джулианна Мур, Ума Турман, Эмили Ратаковски, Робин Райт, т.б. аңызға айналған тұлғалармен қатар, қазақ әншісі Димаш Құдайберген де қатысуда, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Моника Беллуччи – кештің жүргізушісі

Ума Турман

Джулианна Мур

Уилл Смит

Лили Роуз Депп

Димаш Құдайбергенов

Биылғы Канн фестивалі аты аңызға айналған Клаудия Кардиналеге арналады. Клаудия Кардинале – белгілі италиялық актриса. Ол "Фицкарральдо", "Сегіз жарым" сияқты көптеген кинокартинада ойнаған. 70-Канн кинофестивалі 17-28 мамыр арасында өтеді. Биылғы жүлдеге 18 фильм үміткер болып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл кинофестивальге биыл алғаш рет қазақстандық режиссерлер де қатысады. Еліміздің атынан жас режиссер Диас Әзімжановтың "Ультио" атты қысқаметражды фильмі Short Film Corner секциясында жұртқа таныстырылмақ. 

Қатысты Мақалалар