Мейрамхадан шығып бара жатқан бойжеткен үстел үстіндегі бөтелкемен төрт жастағы кішкентай қызды соққыға жыққан, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі.
Қытайдың Даляне қаласындағы мейрамханаға келген әйел жігітімен сөйлесуіне кедергі келтірген кішкентай қызды соққыға жыққан.
Оқиға видеобақылауға түсіп қалған. Видеодан үстелер арасында жас балалардың жүгіріп жүргені анық көрінеді. Бір уақытта келушілердің біреуінің шыдамы таусылып бұрышта тұрған кішкентай қызды тепкінің астына алған.
Кішкентай қыздың анасы сол мезетте қызын ренжіткен бойжеткенке бірнеше рет қол көтерген. Қыздардың бұл қылығын мейрамхана келушілері мен даяшылар видеоға түсіріп алған.
Видеодан ашуға булыққан бойжеткеннің мейрамханадан шығар кезде үстел үстіндегі бөтелкені кішкентай қызға бағыттағаны анық көрінеді.
Дайындаған: Айгерім Таубай