Мейрамханадан шыға бере қытай қызы үстелде тұрған бөтелкені алып, 4 жасар қызға лақтырып жіберді, деп жазды жергілікті БАҚ.
Қытайдағы Даляне қаласындағы мейрамхананың келушісі жігітімен араласуға бөгет жасаған кішкентай қызды аяғымен бір тебеді.
Оқиға видеокамераға түсіп қалған. Видеодан байқағанымыздай, мейрамхана ішінде кішкентай балалар жүгіріп ойнап жүрген. Бір уақытта отырған қыздардың бірінің төзімі таусылған болу керек, қыздың жанына барып бар күшімен теуіп жібереді.
Кішкентай қыздың анасы да қарап қалған жоқ, әлгі тепкен қызды соққының астына жықты. Сөйтіп, екеуі мейрамхананың астаң-кестеңін шығарды. Оларды қонақтар мен даяшылар ажыратып алды. Ашуға булыққан қыз мейрамханадан шыға бере үстел үстіндегі бөтелкені алып, қызға лақтырып жіберді.
Шолушы: Гүлім Жақан