Әуезов ауданының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері 40жастағы Назымгүл Халықованың кесірінен зардап шеккендерге арыз жазуға кеңес берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Назымгүл Халықова алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Оның үстінен 5 қала тұрғыны арыз жазған екен.
«Назымгүл Халықова қала тұрғындарына жер телімін тиімді бағамен алып беремін деп уәде берген. Кейін олардан алдын ала ақша алған. Бірақ уәдесін орындамады. Ал Халыкованың айтуы бойынша, өзі де бір танысына алданып қалған екен. Осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер 5 млн.теңгесінен айрылған. Халкованың алаяқтығынан зардап шеккендер болса мына телефондарға хабарласыңыздар. 298-53-01; 298-53-02 немесе 298-53-03»-, деді Әуезов ауданының ІІБ басшысы полковник Бақыт Қасабеков.
Шолушы: Өтешова Әсел