BANK RBK МЕН QAZAQ BANKI БІРІГЕТІНІ ЖАЙЛЫ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

/uploads/thumbnail/20170710073807492_small.jpg

Bank RBK мен Qazaq Banki бірігетіні жайлы келісімге келді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  "Bank RBK" АҚ  баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

 "Bank RBK" АҚ пен "Qazaq Banki" АҚ акционерлері екі қаржы институтының бірігуіне қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Жақын арада екі банк арасында Меморандумға қол қойылады. Осылайша екі банк бірігеді.

Меморандумдағы негізгі ережелер ҚР Ұлттық банкімен келісілді",-делінген хабарламада. Сонымен қатар, екі банктің бірігуінен пайда болған қаржы институтының Bank RBK брендімен жұмыс істейтіні айтылады.

Айтса кетсек, «Bank RBK» АҚ – теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие ҚР ең ірі банктердің топ ондығына кіретін қазақстандық әмбебап банк институты. Банк теңгерімді даму көрсеткіштеріне және отандық банк нарығында ең сапалы несие портфельдеріне ие: 01.01.2016ж. жағдай бойынша Bank RBK-тегі мерзімі 90  (NPL 90+) күннен аса мерзімге кешіктірілген несиенің шекті көрсеткіші бар болғаны 2,8%, бұл орта нарықтық көрсеткіштен (7,95%) үш есе үздік нәтиже. Банк адами капиталды, инфрақұрылымды, ақпараттық технологиялары мен меншікті брендін дамытуға қомақты инвестицияларды жүзеге асыруда.

АҚ "Bank RBK" 

Фарид Люхудзаев - 11%

Бахаридин Аблазимов - 9,9%

Ержан Достыбаев - 9,9%

Динмухамет Идрисов - 9,9%

Азат Ермембетов - 9,9%

Кайрат Шарипбаев - 9,0%

Болат Назарбаев - 9,0% тиесілі. 

«Qazaq Banki» акционерлік қоғамы заңды және жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетуге маманданған коммерциялық банк болып табылады. Банк әмбебап банкке тән түрлі қызметтер ұсынады.

Банктің филиалдар желісі 8 филиалдар мен 19 бөлімшелерден тұрады, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз,  Шымкент, Қаскелең, Атырау  қалаларында орналасқан.

Банктің акционерлер құрамына Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалары кіреді.

Банк Қазақстан қор биржасының (KASE), «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) қоры» (KDIF), Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының (AFK) мүшесі, ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру көлемінде және "Даму өңірлер III" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру бағдарламасы, Қазақстандық Банкаралық Есепайырысу Орталығы» РМК(KISC), «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС (1CB), Дүниежүзілік Банкаралық Қаржылық Телекоммуникация Қауымдастығының (SWIFT) серіктесігі болып табылады.

Шолушы : Айгерім ТАУБАЙ

 

Қатысты Мақалалар