Жазатайым жағдай Ақтаудың Басқұдық ауылында 19 мамыр күні орын алған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Мұнайлы ауданы жедел жәрдем қызметкерлерінің мәліметінше, 25 жастағы жігіт өзінің ұнатқан қызы мен оның інісіне оқ атқан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Мәліметтер бойынша жігіт 1992 жылы туылған, күзет агенттігінде жұмыс істеген.
-Жас жігіт өзінің сезіміне жауап бермеген қызға және оның інісіне оқ атқан. Содан соң өз-өзін атып өлтірген-дейді жедел жәрдем қызметкерлері.
Зардап шеккендер ауыр жағдайда сағат 22:00 шамасында Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.
1995 жылғы жігіт көптеген жарақаттармен, соның ішінде жанбас, қол, аяқ сүйектерінің зақымдалуымен, ал 1990 жылғы қыз жанбас бұлшықеттерінің зақымдалуымен ауруханаға түсті. Қазіргі жаңдайлары ауыр-дейді ортопед-травмотолог Ануар Ашир.Өз-өзіне оқ атқан жігіт ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан қайтыс болған.
Шолушы: Назерке МҰСА