Астана қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Қамалжан Надыров тағайындалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Елорданың сайтына сілтеме жасап.
Қамалжан Надыров - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі (2000-2006), «Тұран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған (2006-2009), қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығын оқыды.
Еңбек жолы 2007 жылы Б.У.Джарбусынов атындағы урология ғылыми орталығында басталып, клиникалық ординатор қызметінен бас директордың әкімшілік-экономикалық мәселер жөніндегі орынбасарлығына дейін көтерілді. 2014-2015 жылдар аралығында ҚР денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерді атқарды. Жаңа лауазымдық қызметке дейін «University Medical Center» республикалық диагностикалық орталыққа жетекшілік етті.