«Caspionet» арнасының жаңа жобалары

/uploads/thumbnail/20170708150808206_small.jpg

 Қазақстандағы алғашқы спутниктік «Caspionet» телеарнасының құрылғанына 8 жыл болды.  Каспий  арқылы ремпубликамызды әлем жұртшылығына  танытып келе жатқан арнаның Еуропа мен Орта Азияда, Орталық Шығыста, Африканың солтүстік және Ресейдің еуропалық бөлігінде тұратын 99 миллиондай көрерменді ақпаратпен қамтуға мүмкіндігі мол.  Өз жұмысын 2002 жылдың 25 қазанында бастаған «Caspionet»  телеарнасы бүгінгі таңда шетелдегі қандас ағайындар мен қазақ мәдениетін, дәстүрін, тарихын құрметтейтін сырттағы отандастарымызға танымдық, ақпараттық және мәдени бағдарламаларымен етене таныс.  

  Аталмыш арнада  әр түрлі  салаға бағытталған тележурналдар дайындалады. Олар – «Regional Focus», (Аймақтағы ақпараттар)«Culture», (Мәдениет)  «Portraits», (Тұлға) «International Dialogue» (Ұлтаралық диалог) «History», (Тарих) «Occupations» (Мамандық) секілді  тұрақты айдарлармен берілетін шағын хабарлар. Мұнан бөлек, жаңалықтар, бизнес жаңалықтар, спорт бағдарламалар уақытында жұртшылық назарына ұсынылып отырады.      

        Осы орайда бірнеше бағдарламаларға тоқтала кетсек,  тарихы тереңнен тамыр тартқан «Атамекен» бағдарламасы –көрермен қауымды екі жылдан бері ұлттық салт-дәстүр, мәдениетімізбен сусындатып келеді. «CELEBRITY WORLD»  (Жұлдыздар әлемі) –  әртістер туралы, олардың шығармашылығы, жеке өмірі жайында әңгімелесе, «KAZAKHSTAN: A RECIPE FOR FRIENDSHIP» (Қазақстан: достық  пен келісім форму­ласы) – көп ұлтты мемлекетімізде тұратын халықтардың дәстүрлері мен салттары туралы тұшымды мәлімет береді. Ал «Caspionet»  ғарыштық арнасының жаңа маусымға жоспарлап отырған жаңалықтары жөнінде  телеарна директоры  Айгүл Мұратқызы Жұмабаева былай дейді.

 

     - Еліміздің  ақиқатқа негізделген имиджін қалыптастыру үшін біздің міндет – республикада болып жатқан ішкі экономикалық, саяси жаңалықтарды және әлемдік қоғамдастыққа  Қазақстан тарапынан ұсынылып жатқан түрлі жобалар мен идеяларды екіжақты шынайы ақпараттармен қалың көрерменді  хабардар ету. Сондай-ақ бағдарламалар қатарын эфирге ұсынуда  алға қойып отырған маңызды жұмыстардың бірі – арнада қазақ тілін терең дамытуға мән берілуде. Өйткені, шетелде көптеген қазақ диаспоралары тұрып жатыр, оларды атажұртымен табыстыратын  көпір осы «Caspionet» арнасы болып отыр. Ал енді, биылғы маусымда шетел жұртшылығын қандай бағдарламаларымен қуантады деген сұраққа келсек, біздің каналдан «STEPPE TALES», «PERSONA GRATA», «SOUNDS OF NOMADS», «LIMITLESS SCIENCE»,  «MASTERS OF CREATIVITY» және «THE REAL ECONOMY» деген атаулармен жаңа бағдарламалар қыркүйектің 6-сынан бастап көрсетіледі.  Бұл бағдарламаларға жеке-дара тоқталатын болсақ, «STEPPE TALES» бағдарламасында арнаның халықаралық редакциясы қызметкері Джонатан Ньюель,  шетел азаматтың көзімен қазақ тұрмысындағы ерекшліктерді   көрсетеді. Сырт ел азаматына бәрі қызық: жергілікті табиғат, адамдар, ұлттық дүниетаным, Қазақстан  мәдениеті. Ол өз қолымен киіз үй тігеді, қазы айналдырады, ұлттық тағамдар: құрт, жент, ірімшікті  жеп көреді. Қарапайым қазақстандықтармен танысып, тарихи ескерткіштерді, спорттық жарыстарды, тіпті, шығыстың базарын аралай жүріп, көрермендермен алған әсерлерін бөліседі. 

         «PERSONA GRATA» – шетелдік дипломаттармен бейресми  сұхбаттар. Олардың отбасы, қарым-қатынас ортасы,  саясаттан тыс өмірі, елшілік міндеті,  Қазақстанға деген көзқарасы осы бағдарламаға өзек болмақ.

         Ал, «SOUNDS OF NOMADS» - қазақтың ұлттық  музыка аспаптарын насихаттап, олардың ерекшеліктерін  дәріптесе, «LIMITLESS SCIENCE»Қазақстандық ғалымдардың алдыңғы қатарлы жаңалықтары, олардың  әр салада қолданылуы. Яғни, «Шекарасыз ғылым» бағдарламасы арқылы қалың жұртшылық  зертханалардағы өте күрделі тәжіриберелерге көз жеткізетін болады.   «MASTERS OF CREATIVITY» -   ұлттық қолөнерін, ата-баба дәстүрін жалғастырып жүрген шеберлерді жұмысын көрсетеді. Ал кезекті, «THE REAL ECONOMY» бағдарламасы –  еліміздегі экономикалық жаңалықтарды терең талдап, мемлекеттік реформаларды, экономикадағы өзгерістер мен трансформацияларды түсіндіреді. Дәлірек айтқанда, бұл хабарда Елбасының шетелдерге сапары барысында бірлескен кәсіпорындармен, ірі шетел инвесторларымен қос тараптық келісімдерінің  нәтижесі,  Қазақстанда қолға алынып жатқан экономикалық бастамалар,  сондай-ақ, ел экономикасының әрқилы салалары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты әңгіме өрбиді.  

      Жалпы алғанда, «Каспионет» арнасы шетелде жүрген ағайындарды, отандастарымызды осындай жаңа жобаларымен қуантқалы отыр.

 

 

 

«

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар