Ұларбек Дәлейұлы. ҚЫТАЙ ЕЛШІЛІГІ ҚАРСЫЛЫҚ ХАТТЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТТЫ

/uploads/thumbnail/20170708150808428_small.jpg
Қытай Халық Республикасының интернет ақпарат құралдарының ішіндегі ықпалды, таралымы кең электронды ақпарат құралдарының бірі болып саналатын «Шинлаң» (sina.com.cn) сайтында Қазақ халқының  салт-дәстүрін бұрмалау, қорлау, және мазақ ету мақсатымен жазылған мақала  жарық көрген болатын. «Естелік» ретінде жазылған мақаланың авторы  Хұң Бау: «Қазақ қонақшыл халық, қонағын күткені сондай - қонағына қой сойып, ет беріп күтумен қоймай, қойнына ұзатылмаған қызын салып береді!» деп, Қазақтың салт-дәстүрінде жоқ, Қазақ халқының ұлттық ар-намысына тиетін жалған оқиғаны өз басынан өткен шындық ретінде жариялады. Хұң Баудың қазақ халқын масқаралауға арналған осы өтірігі Қытай елінде тұратын қазақтардың ғана емес,  бабақонысындағы қазақтардың да ашу-ызасын туғызды. Өкінішке қарай, бұл - ҚХР сайттарында қазақты қорлау бағытында жазылған бірінші мақала емес екенін естеріңізге саламыз. Иісі Түркі халқының, қала берді күллі мұсылман қауымының намысын аяққа таптаған осы жағдайға байланысты бүгін (дүйсенбі күні) таңғы сағат 10:30 да Астана қаласындағы Қытай Елшілігіне (Қонаев көшесі мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылсы) еліміздегі саясат қайраткерлері мен зиялы жұртынан, журналистер мен өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен көптеген адам қолдап қол қойған наразылық хатын тапсыру шарасын өткізуге жиналған едік.. ҚХР халық үкіметіне, ҚХР сыртқы істер  минстірлігіне, ҚХР-дың Қазақстандағы Бас елшісіне арнап наразылық ретінде жазылған ашық хатты тапсыру шарасына Астана қаласында тұратын ақын-жазушыларға, журналистерге, студенттерге, т.б. көпшілік қауымға үндеу тастаған едік. Келуге тиіс деп жоспарланған біраз адамдардың қалта телефоны «байланыс аясынан тыс жерде» болғанын есепке алмағанда, журналистерден бөлек жиналған үркердей топқа Қытай Елшілігінен жолығауға арнайы үш адам шықты. Келген мақсатымызды айтып, Хұң Баудың «шатпақтарының» таза қытай тілінде шыққан нұсқасынан жасалған көшірмені, ел ағалары қол қойған ашық хатты көрсеттік. Сырттағы жиналған қазақтардың сесінен жасқанды ма, әлде,  империялық кеудесін көрсеткісі келді ме, қайдам, анталаған журналистерден, видо-камералардан бетін қалқалап, тұмысығын жағасына тыққан қытай «өкілдері» темір қоршау ішіне қайта қашып кірді де,  тайып тұрды. Сөйтіп, Астана төрінде, қазақ пен қытай екі ел ортасындағы түйінді мәселелерді шешіп, «арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей» елшілік міндетін атқаруға тиісті Қытай Консулдығы қазақтардың ашу-ызасын оятқан Хұң Баудың «мылжыңына» байланысты жазылған, мемлекетаралық реніш тудыруы мүмкін дауға алдын-ала тосқауыл қоюды ниет тұтқан ашық хатты тапсырып алудан ресми түрде бас тартты.  

Астана қаласы

"Абай" ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар