Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингісінде 49-орында

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
Жыл сайын Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) жасайтын «Doing Business-2013»қолайлы іскерлік орта рейтингісінде Қазақстан 49-орынды иеленді.

Естеріңізге салар болсақ, өткен жылы еліміз 

47-орынға орналасқан

болатын. Алайда бұрынғы КСРО елдерінің арасында Қазақстан қолайлы іскерлік орта бойынша үздік бестіктің қатарына кірді. Өткен жылдағы сияқты ең жоғарғы орынды Грузия иеленді, ол 16-шы орыннан 9-шы орынға көтерілді. Оның соңында, атап айтқанда, Эстония (21-орын), Латвия (25-орын), Армения (32-орын) және Қазақстан (49-орын) орналасқан. Ресей өткен жылғыға қарағанда 8 тармаққа жоғарылап, 112-орынды місе тұтты, Украина – 137-орын, Тәжікстан – 141-орын және Өзбекстан – 154-орын. Бизнес жүргізу үшін ең қолайлы жағдай жасалған елдер тізімін жетінші жыл қатарынан Сингапур бастап келеді. Сонымен қатар бірінші бестікке, өткен жылғыдай, Гонконг, Жаңа Зеландия, АҚШ және Дания енді. Соңғы 185-орынды ОАР иеленсе, оның алдында Чад (184-орын) орналасқан. «Doing Business» рейтингісін жасау кезінде елдер 11 көрсеткіш бойынша бағаланады, олар компанияны құру, қызмет етуі және жабу кезіндегі шығындарды, құрылысқа рұқсат алу кезіндегішығындарды, сонымен қатар салықтар мен сыртқы сауда тәртібін қамтиды. Биылғы жылы «Doing Business» рейтингісі оныншы мәрте жарияланып отыр. BNews.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар