Медицинада клиникалық өлім деген термин бар. Ол дегеніміз өмір сүру белгілері білінбейтін, орталық нерв жүйесінің қызметтері өшетін, бірақ ұлпадағы зат алмасу үдерістері сақталатын, өмір мен өлім арасында шектесетін терминалдық жағдай. Клиникалық өлімді көптеген адамдар басынан өткерген. Сондай оқиғаларды назарыңызға ұсынамыз.
1937 жылы Анджело Хейс 19 жасында жол апатына ұшыраған. Елдің барлығы Анджелоны өлді деп ойлаған. Екі күн өткеннен кейін Анджеланың тірі екенін біледі. Анджелоның айтуынша комада жатқан кезінде басқа әлемге түсіп кеткен және бейтаныс адам келіп өмір сүруіне көмектескен. Анджелоның түскен әлемінде адамға қажетті барлық дүиелер болған екен.

Софи Уильям Мдлетше 1993 жылы әйелімен көлік апатына ұшырайды. Софи Уильям Мдлетшенің жарақаты адам нанғысыз болады және оны мәйітханада металл ыдыста сақтаған. Екі күннен кейін ер адам өзінің қараңғы жерде жатқанын сезеді. Мәйітхана қызметкерлерін айқайлап шақырып алып, мәйітханадан шығады. Бірақ Софидың әйелі қайтып оралмаған, себебі әйелі күйеуінің зомби екеніне нық сенімді болған.

Майк Мини рекорд жасау үшін жер астында 61 күн жатқан. Майк қасына тамақпен қоса телефонды да алып алған екен. Жер астынан шыққанда сәл азғаны болмаса, дене бітімінде ешқандай өзгеріс болмаған.

1994 жылы 86 жастағы Милдред Кларк өмір мен өлімнің арасында болған.Милдрет Кларкті өлді деп мәйітханаға апарған, бірақ бір жарым сағаттан кейін оянып, мәйітхана қызметкерлердің есін шығарған. Бір аптадан кейін Милдрет қайтыс болған.

2013 жыл Бразилияда туысқандары әйелдің мазарына барады. Кенеттен мазарлардан бір адам шығуға ұмтылады, оған ер адам көмектесіп шығарып алады. Жердің астынан шыққан қызды туысқандары зомби деп ойлаған екен.