Бір кісі теңгесін көміп, қайда көмгенін ұмытып қалады. Тауып беріңіз деп Әбу Ханифаға келеді. Имам: "Бұл фиқһ емес, алайда саған бір жолын айтайын. Бүгін түнде таңға дейін намаз оқы, сонда есіңе түседі,-дейді.
Әлгі кісі түнде намазға тұрады. Түннің төрттен бірі енді өте бергенде теңгесін жасырған жер есіне түседі. Барып ақшасын тауып алып, қуанышы қойнына сыймай таңсәріде имамға келіп рахметін айтады. Сонда имам: "Сені шайтан түні бойы құлшылық еткізіп қоймайтынын білген едім. Ол сен көп сауап алып қояды деп саған ақшаңды тауып беруге көмектесті. Бірақ сен Алла тағалаға шүкіршілік ретінде құлшылығыңды түні бойы жасағаның жөн болар еді",-деген екен.
Шолушы: Әсел Өтешова