Ел азаматтары туризмі ілгері дамыған Араб елінде 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады,деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Хабар Арнасының мәліметіне сүйеніп.
Таяу уақытта Қазақстан мен БАӘ осы келісім күшіне ену үшін ішкі процедураларды өткізеді. Ал наурыз айындағы ресми мәліметке сай, Қазақстан 29 шет мемлекетпен визасыз режим орнатқан. Әзербайжан, Өзбекстан, Сербия, Оңтүстік Корея, Бразилия елдеріне 30 күн саяхаттай аласыз.
Сонымен қатар Армения, Беларусь, Грузия, Молдова, Моңғолия, Украина және Ресейде 90 күнге дейін тіркеусіз жүре аласыз.
Шолушы: Айгерім Таубай