Енді Қазақстанның әр азаматы өзінің ойы мен бастамасы жайында жоспарын арнайы порталға жолдай алатын болады. Дін және азаматтық қоғам министрлігі «Атамекен» жобасын іске асырмақшы, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Жобаның басты мақсаты – еліміздің өркендеп өсуіне әрбір азаматтың үлес қоса алуына мүмкіндік тудыру.
«Негізінде, біздің салтымызда бұл бар. Біздің тарихымыз бен тәжірибемізде бар. Алайда, бір жүйеге келмеген. Біз бәрін бір тәртіпке келтіріп, адамдардың жалғыз емес екенін естеріне салғымыз келеді. Еліміздің әр азаматы бір-біріне қашан да қолдау көрсетіп, өздерінің жалғыз емес екенін сезінулері тиіс. Бұл жоба азаматтық қоғам мен мемлекеттік күштің нығаюына септігін тигізеді», деді ҚР Дін және азаматтық қоғам жөніндегі вице-министр Абзал Нүкенов.
Жобаның концепциясы осы жылдың аяғына дейін бітеді. Жоба Рухани жаңғыру бағдарлмасы аясында жүзеге аспақ.
Шолушы: Гүлім Жақан