Сальвадорда өткен сот отырысында сот 7 қылмыскерді 390 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Қылмыскерлер электр компаниясының қызметкерлерін түгелдей қырып тастаған.
Қылмыс 2016 жылдың наурыз айында орын алыпты. Алайда тергеу жұмыстары енді ғана аяқталған болатын. Олар қылмыстық топ құрып, 11 компания қызметкерін өлтірген. Қылмыстық топтағы қалған 35 қылмыскер 5 жыл бас бостандығынан айырылды.
Шолушы: Әсел Өтешова