Мұндай сурогаттар шын сәбиге өте ұқсас. Тіпті сырт келбетінде ешқандай айырмашылық жоқ десе де болады. Бұл қуыршақтар жыламайды, тамақ сұрамайды және қимылдамайды. Алайда соңғы кездері кейбір кәсіпорындар манекендерде сәбидің иісі шығып тұратындай жасаған.


АҚШ-та мұндай қуыршақтар 20 жылдан астам уақыт бұрын шыққан. Ал Азия елдерінде бірнеше жыл бұрын ғана келді де бірден өз сатып алушысын тапты.

Тіпті сурогат қуыршақтарға баласындай қарап, оған қамқорлық көрсетіп жүрген «аналарға» арналған форум өтіп тұрады. Оған жалғыз басты әйелдер мен кәсіпкер арулар ғана емес балалары бар аналар да қатысады.
Кейбір адамдар қуыршақты арнайы тапсырыспен жасатады. Кәсіпорындар шетінеп кеткен балаларының фотосы арқылы дәл балаларындай қуыршақ жасап береді екен.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет