Қонақ үйдің барлық бөлмелері бірдей. Онда жұмысшыларға арналған екі адамдық номерлер бар.

Қонақ үй 8 блоктан тұрады. Ұзындығы 4,5 шақырымды құрайды. Ол жағажайдың жанында орналасқан. Терезеден керемет көріністі тамашалай аласыз.
Қонақ үйдің құрылысы 1936 жылы басталды. Онда 9000 құрылысша жұмыс істеді. Үш жылдан кейін соғыс басталып, құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Жұмыскерлерді әскери нысандарға ауыстырды.

Соғыс кезінде ол лагер, әскери-техникалық училище, мұражай болды. Алайда ешқашан қонақ үй ретінде есігін қонақтарға айқара ашпады. Сондықтан әлемдегі ең үлкен қонақ үйде осы уақытқа дейін ешкім демалмады.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет