Ширек ғасыр орманда жасырылған танктен соғыс сарбазының соңғы хаты табылды

/uploads/thumbnail/20170710083248007_small.jpg

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ширек ғасыр өткен соң ну орманнан «танк» табылды.  Көлемі үлкен соғыс көлігін тапқан сәтте жүргізушінің орнынан кіші лейтенанттың қалдығы анықталды, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі.  

Соғыс кезіндегі сарбаздың танк ішінен  бір оғы бар алтыатыр және планшет табылған. Ал планшетте  карта және сүйікті  қызының суреті  табылды. Жазылып жіберілмеген хат та бар. Хатты назарларыңызға ұсынамыз.

1941 жыл 25 қазан.

«Сәлем , Варя! Жо-жоқ, сен екеуміз кездеспейміз. Кеше түс мезгілінде гилердің бір бағанасының көзін жойдық. Фашистердің әскері өз ішінде жарылып көз жұмды. Мен көлікті орманға жасырып жүрген сәтте Василий көз жұмды.

Қаным басыма шауып тұр,Варя! Висалий Орловты қайыңды аймаққа жерледім. Ол жер жарық болатынына сенемін.

Осылай үш танк жүргізушілерінің ішінде аман  қалғаны жалғыз мен. Осының күйігімен түн ортасы орманға бет алдым. Түн ұзақ әрі  қарбаласқа толы болды. Біраз қан жоғалттым. Ал қазір кеудемі өртеген ашу мен кектің ызасы қанымды басыма тептіріп, аздап сабырға келдім.

Бір өкініштісі біз барлық жаудың көзін жоя алмадық. Алайда қолымыздан келегенінше күресіп бақтық. Ақтық демі қалғанша Отан үшін күрескен ерлердің ісі нағыз ерлік. Біздің әскер біз бастаған істі аяғына дейін жеткізеді. Жаудың көзін жояды. Мен оған сенімдімін!

Өмірімді сен болмағанда дәл осылай сүрмес едім, Варя. Мен әрдайым менің тірегім болдың. Халхин-Голде де , майдан алаңында да.  Адам біреуді шын сүйсе , соған бар мейірімін төгеді емес пе?!

Мен өзіңе деген үлкен махаббатпен жан тапсырып жатқаным үшін бақыттымын!»

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар