Ақтөбе облысында ерлі-зайыпты құлдықтан босатылды, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме беріп. Бұл дерек Мәртөк ауданында жүргізілген жедел алдын алу шарасы «Нелегал-2017» аясында жүргізілген.
Телеарнаның мәліметінше, Ақтөбе қаласының 43 жастағы тұрғыны мен Өзбекстан Республикасының 52 жастағы азаматы құлдықта болған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті оларды екі жыл бойы құлдықта ұстаған. Көбінесе үй шаруаларын істеткен. Ер адам Мәртөк ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.