Қыздың ата-анасы ісіктің иек астына шыққанына қуанды

/uploads/thumbnail/20170710083606026_small.jpg

Мелиссе Дельгадо Брага  есімді қыз небәрі үш жаста. Мелисса  жақында ғана сөйледі және қиындықсыз күле алды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Кішкентай қыздың  аузының астында ісік пайда болған. Мелисседе  ісіктің пайда болғанына екі жыл болған және ісікті «екінші басы» деп те атап кеткен. Ісіктің салмағы екі жарым келі екен.

2014 жылы Бразилия дәрігерлері ісікті зерттеген болатын. Бұл ісік негізінен жүректе пайда болуы керек, бірақ қыздың бақытына орай ісік  қыздың иек жағына шыққан.

Дәрігерлер ісікті алып тастай алмаған. Аурухана дәрігерлері қыздың әлсіздігінен ота жасай алмады.  Бірақ  әлеуметтік желі оқырмандары Американың білікті хирургін тауып береді. Луиза Универсітінің білікті мамандары  ісікті алып тастауға келіседі. Қайырымдылық қоры  қыздың отасының ақшасын төлеген.

Қыздың бақытына орай ота  сәтті өтті. Мелиссе енді қиналмай сөйлей алады және емін-еркін күле алады. Ісітің тыртығы  ауырады, бірақ Мелиисе мұның уақытша екенін біледі.

Дайындаған: Ақнұр Мұxтарxан

 

Қатысты Мақалалар