Мұнай бағасы шарықтай ма?

/uploads/thumbnail/20170710083613057_small.jpg

Жаһандық сұраныс пен ұсыныс – мұнайдың әлемдік бағасын қалыптастыруға әсер ететін басты факторлар. Халықаралық энергетикалық агенттігінің жақында жарық көрген есебінде 2014 жылдан бері тұңғыш рет мұнайға сұраныс ұсыныстан сәл басым түскен (2017 ж. І тоқсандағы мәліметтер). Көрсеткіш тәулігіне 0,3 млн баррельге теңелді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамына сүйенсек, әлемдік мұнай нарығына қалпына келген.

Сонымен қатар саяси фактордың да маңыздылығын жоққа шығаруға болмайды. Өткен аптада Сауд Арабиясы мен Ресей энергетика министрлерінің кездесуі өтті. Министрлердің мәлімдемесі бойынша Мәскеу мен Эр-Рияд мұнай өндіруді шектеу туралы шарттың мерзімін 2018 жылдың 31 наурызына дейін 9 айға дейін ұзартады. Бұл Венедағы ОПЕК 25 мамырдағы кездесуі қарсаңында басқа мемлекеттерді өндіру деңгейін төмендетуге итермелейтіні белгілі. Бұл бағытта мұнайдың бағасы аздап қымбаттағаны байқалды.

Бірақ қайтадан мұнайдың бағасы шарықтайтыны туралы айту әлі ерте. Әлемдік мұнай нарығында теңгерім орнаған жоқ. Бұл тұжырымға бірқатар маңызды себептер түрткі болып отыр.

Біріншіден, ОПЕК картеліне кірмейтін көптеген мұнай өндіруші мемлекеттер тек өздерінің шарттары негізінде мұнайдың көлемін азайтуды қолдауға бекінген. Мәселен, еліміздегі энергетика министрі  Қанат Бозымбаев Қазақстан мұнайды өндіру көлемін төмендету бойынша міндеттемені тек өзінің шарттары негізінде орындайтынын мәлімдеді. Ирак та осыған ұқсас шешімді алға тартуы мүмкін.

Екіншіден, ОПЕК мұнайдың әлемдік өндірісін төмендету мерзімін ұзартуға бағытталған қадамдары америкалық сланц мұнайының көбеюіне байланысты ешбір нәтижеге кенелтпеуі ықтимал.  Соңғы мәліметтерге сүйенсек, АҚШ бұрғылау мұнараларының саны 720-ға жетсе, ал сәуір айында көрсеткіш 688 тең еді. Шарт бойынша ОПЕК азайтуды жоспарлаған көлемді АҚШ өндірілетін мұнай теңестіруі немесе одан асып кетуі кәдік.  АҚШ әкімшілігі бюджеттің жаңа жоспарында 2018 жылдың қазанынан бастап мемлекеттің стратегиялық мұнай қорын біртіндеп сатуды ұсынды. АҚШ мұнайдың ауқымды қоры шоғырланған. Көрсеткіш 688 млн. Баррельге тең.  Әзірге бұл тек бюджеттің жоспары саналады. Десек те бұл мұнай фьючерстері бағасының төмендеуіне әкеліп соққан.

Осылайша, ОПЕК кездесу сұнайға сұраныс пен ұсыныстың әлемдік теңгерімі мәселесін шешпейді деуге болады. Мемлекеттер мұнай өндіруді 9 айға шектеу туралы шартты ұзартқанымен, олар Ресей және Сауд Арабиясы ұсынған өндіруді одан әрі төмендетуге бел бумайтыны анық.

ОПЕК және мұнай экспорттаушы мемлекеттердің тың ұсыныстары бүгін Венада айқындалмақ.

Әнуар Әлмағанбетов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы

Қатысты Мақалалар