Араб Әмірліктері Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер жасайды

/uploads/thumbnail/20250502082334082_big.webp

"ҚазМұнайГаз" Араб компаниясымен Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер салу туралы уағдаласты.

1 мамырда Әбу-Дабиде (БАӘ) "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов AD ports Group бас директоры Мұхаммед әл Шамисимен кездесті. Кездесу барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытында контейнерлік тасымалдау көлемінің өсуіне байланысты Каспий теңізі үшін контейнерлік кемелер салу жөнінде келіссөздер жүргізді.

"AD ports Group екі заманауи контейнерлік кемені салу туралы инвестициялық шешім қабылдады. Айта кету керек, кеменің жобасы ҚМГ және AD Ports Group – пен бірлесіп әзірленді және оның контейнерлік сыйымдылығы Каспий теңізі үшін рекордтық болады", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

ҚМГ мен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастық Каспий теңізі мен ашық теңіздер үшін танкер және сауда флотын дамыту, оффшорлық жобаларды қолдау үшін флот құру сияқты бағыттарды қамтиды.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар