Ресейде күшті жер сілкінісі тіркелді

/uploads/thumbnail/20250227104458898_big.webp

Камчатканың (Ресей) шығыс жағалауында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы хабарлады. Бұл мәлімет бойынша, апат ошағы Никольское ауылынан шығысқа қарай 95 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісінің ошағы 64 шақырым тереңдікте орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ, цунами қаупі төнген жоқ.

Бұған дейін Оңтүстік Курил аралдарының жағалауында айтарлықтай жер сілкінісі тіркелді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар