Берденовке ота жасалды": Министр оның қазіргі жағдайын айтты

/uploads/thumbnail/20250429131803525_big.webp

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайына қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, оқ жарақаты алған шенеунікке төрт сағат бойы медициналық көмек көрсетіліп, шұғыл түрде ота жасалған.

“Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Ол өздігінен қозғала алады. Алайда дәрігерлердің бақылауында болады”, – деді министр Әлназарова.

Берденовке кім және не үшін оқ атты?

Еске салайық, бұған дейін Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалғаны хабарланған. Оқиға орнынан тараған бейнежазбалар әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Ресми мәліметке сәйкес, Берденовке оқ атқан адам — оның бұрынғы әріптесі, яғни өзі басшылық еткен бөлімнің қызметкері болған.

Құқық қорғау органдары шабуылдың себебін қызметтік келіспеушілік болуы мүмкін деп болжауда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қатысты Мақалалар