Қазақстанда діни кітаптар мен материалдарды онлайн сатуға жаңа заң талаптары енгізіледі

/uploads/thumbnail/20250502120126833_big.webp

Бас прокуратура елде соңғы уақытта қоғамдық резонанс тудырған бірнеше оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Алматы облысында киіз үйде би билеген жастардың әрекеті бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы (алауыздық қоздыру) аясында тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ, арабша жазуы бар тумен суретке түскен никабтағы төрт қыз ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың бірі 15 тәулікке қамалса, өзгелеріне айыппұл салынған. Бұл оқиға Атырау облысында болған. Сонымен қатар, бұл факті бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен (ҚК 372-бап) тергеу басталған.

Бас прокуратура Ozon маркетплейсінде арабша жазуы бар мемлекеттік тудың сатылуына байланысты жарнамалардың жойылғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдары сайт әкімшілігіне заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс жолдаған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн платформаларда діни материалдарды сатуға қатысты заңнамалық реттеу мәселесін қарастырып жатыр. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде "Зайырлылық және дінтану негіздері" курсын енгізсе, жоғары оқу орындарында дін саласына арналған жаңа білім беру бағдарламалары ашылып жатыр.

Қатысты Мақалалар