Ақтөбедегі даулы оқиғаға қатысты мүфтият мәлімдеме жасады

/uploads/thumbnail/20250801123402364_big.webp

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі мешітте ер адамның қыз балаға бір түндік неке қиюды ұсынған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. 

Мүфтият мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы екенін атап өтті.

"Онда келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес", делінген ҚМДБ-ның ресми мәлімдемесінде. 

Айта кетейік, оқиға 24 шілдеде Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде болған. Ер адам намаз оқып шығып келе жатқан қыз балаға әдепсіз сөздер айтып, бір түндік неке қиюды ұсынған. 

29 шілдеде сот өтіп, ер адам бес күнге қамауға алынған. 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар