Шымкент қаласының білім басқармасы басшысы: Мұғалімдерден ақша жинауға қатаң тыйым салынды"

/uploads/thumbnail/20250430151413816_big.webp

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова жақында өткен жиналыстардың бірінде мұғалімдерден әлі күнге дейін ақша жиналып жатқанына назар аударды.

«Әлеуметтік желіні үнемі бақылап отырамын, әрі әкімдік тарапынан да осындай шағымдар түсіп жатыр. Қаражат жинау мәселесі әлі күнге дейін тоқтамай келеді. Тіпті, қоңырау соғуға дейін ақша жинап жатқаны туралы хабарламалар келіп түсуде. Бұл мәселеге қатаң түрде ескерту жасаймыз. Ешқандай мектепте, алғашқы ұстаздар мен мұғалімдерге сыйлық ретінде ақша жиналмауы тиіс. Бұл үшін бірінші басшылар жауапты болады», – деп атап өтті Гүлназ Сүлейменова.

Қатысты Мақалалар