Елімізде 70-тен астам балаға тегін пластикалық операция жасалды

/uploads/thumbnail/20170710083654261_small.jpg

Отандық және америкалық дәрігерлер 70-тен астам қазақстандық балаға тегін пластикалық операция жасады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

 Бет-жақ тұсындағы туабітті кемістікті, қоянерін, күйіктен кейінгі тыртығы бар балаларға жасалған операция бес күнге жалғасты. «Болашағымыз балалар» атты әлеуметтік жоба аясында жасалған игі шараны «Асыл бала» республикалық қауымдастығы мен АҚШ-тың халықаралық көмек тобы бірлесіп жүргізді.

Пластикалық хирург Джек Демостың айтуынша, қазір балалардың денсаулығы жақсы.

 Джек Демос, хирург дәрігер: - Біз осы бес күннің ішінде 70-тен астам балаға бақыт сыйладық деп айта аламын. Пластикалық операцияны жасау барысында қазақстандық дәрігерлердің көмегі көп болды. Жергілікті хирургтердің кәсібилігін жоғары бағалаймын. Операция жасаған балалардың кейбірі ертең үйлеріне шығады.

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Қатысты Мақалалар