ШЫҢҒЫС ХАН ЖӘНЕ ҚЫПШАҚТАР

/uploads/thumbnail/20170710083702198_small.jpg

             

       «Началась история кипчаков, вначале одного из племен                  Кимакского каганата, а впоследствии – главенствующего племенного союза в огромном объединении кочевых племен Великой Степи, прямых предков казахского народа».

        /С. Кляшторный. Т. Султанов. «Казахстан. Летопись трех тысячилетии»./

 

     Отырар апатын көркем әдебиет жанрында баяндаған «Жібек жолы» романы жарық көргенде, бұл кітәптің қолдан-қолға өткені белгілі.  Мектеп қабырғасында жүріп осы романды оқып, мен де, бір үлкен әсер алған едім. Шыңғыс ханды маңғол, Кайыханды қазақ-қыпшақ деп таныған біздер,  Отырар билеушісінің ерлігіне тамсанып, қайғылы қазасына қайғырған да едік.  Романда қазақтарға алдымен бір үйсін келеді, одан кейін қазақ даласында соғыс белгісі - бір иесіз тұлпар пайда болады. Әрине, бұл айтылғандар жазушының қиялынан болған еді.  Анығында, алдымен  Хорезмшахтың елшілігі Қарақорымдағы Шыңғыс ханға келіп, бейбітшілік қарым-қатынас жөнінде келісім-шарт жасасады. Көптеген сый-сияпаттар беріледі. Шыңғыс хан елшілерді жылы қабақпен қарсы алып, оларға бөлек арбаға тиеп, түйенің өркешіндей алтын беріп жібереді. Осыдан кейін Шыңғыс хан сартауылдарға сауда керуенін жібереді.  Ол заманда ұлы даламыз бір иесіз жатқан сұлутөр болмаған. Әр төбеде бір-бір қарауыл қойылып, қалалардың қамалы болған.  Міне осы қарауыл төбелер тіпті бір ай бұрын болар, Қайыхан мен Хорезмшахқа Мағол жақтан Шыңғыс ханның керуенінің келе жатқанын жеткізген. Дүкенбей Досжан болса, бұл қарауыл төбелердің хабарын үйсіннің аузы мен иесіз тұлпардың дабылына  салған.  Яғни, керуен Отырарға алдын-ала хабар-ошарсыз жетіп келген жоқ.

   Сол заманның жазылмаған заңдары бойынша әр соғыстың өзінің себеп-салдары болуы шарт еді. Енді міне, алдыда Отырар тұрды. Бұлармен соғысу үшін себеп керек болды. Бұл себебті, кейбір зерттеушілердің айтуларынша Шыңғыс ханның өзі тудырды.  Яғни, бейбіт керуеннің алдынан Шыңғыс ханның барлау отряды шығып қырып тастаған екен-мыс.   Жаланы Қайыханға жапқан.  Орта Азияның әскери барлау өнерін зерттеген, орыс барлау жүйесінің генералы М.И. Иванин иналшық Кайыханның жала құрбаны болғанын айтады.  Орыстардың барлау жүйесінің генералының былай деп айтуына не себеп болды? Оның мәнісі мынада.

    Ата-бабаларымыздың ауыздан-ауызға айтып біздерге дейін жеткізген дала ауыз тарихында, яғни, найманның ғұлама шежіресі Ғұлам Қадыр Жазыбайұлының айтып кеткендерінде Шыңғыс ханның керуеніне шабуылды ұйғырлар ұйымдастырған. Ол кезде ұйғырлар Шыңғыс ханға бағынған болса да, бір саусақтарын бүгіп қалған еді. Өйткені, ұйғырлар Шыңғыс ханға еріккендерінен бағынған жоқ. Мағолдардың күш-құдыретін Тоқтабектерден жақсы білген ұйғырлар Шыңғыс ханға бағынуға өз еріктерінен тыс мәжбүр болған.  Сондықтан да, олар құдіретті Хорезм шах пен Шыңғыс ханның арасын ашып жіберуді ойлап, Қайыханның әскерінің киімін киіп алып, керуенді Отырарға жеткізбей тонап, біреуін әдейі тірі қоя береді. Өздеріңіз ойлаңыз, егер де, керуенді Кайыхандар тонаса, онда, соғыс тактикасы бойынша олар бір адамды да тірі жібермес еді. Керуен із-түссіз жоғалар еді. Бәлесі ұйғырларға, не болмаса, Сүбедейден жеңіліп қыпшақ даласына қашқан меркіттерге  жабылар еді. Ұйғырлар болса, әлгі бір түйе айдаушысын әдейі тірі қоя берген. Міне, орыс генералының айтқан жаласы Кайыханға осылай жабылады.  Осыдан кейін, Хорезм шахқа керуенді арандатушылық үшін Шыңғыс ханның барлау отрядының қырып тастағаны жөнінде лақап жеткізіледі.  Шыңғыс ханды арандатушыға санаған Хорезмшах,  Кайыханның басын сұратып жіберген оның елшілерін өлтіртіп тастайды.  Ғұлам Қардырдың айтқандарында, енді істің оңалмайтынын білген Қайыхан, Отырардың құнды кітәпханасын он алты арбаға артып Қытайға жөнелткен екен.  Бұл арбаға тиелген кітәптір негізінде, Отырар кітәпханасының бір шағын ғана, бәлкім, құнды бөлігі болар. Отырар кітәпханасында 500 мыңға жуық кітәп болған деген жорамал бар. Қытайдағы кітәпхана жөнінде өткен ғасырдың 60-шы жылдары Қытайдан келген Ғұлам Қадыр ақсақал 70-ші жылдардың ортасында былай деген еді: «Ол кітаптарға ақшамен де, алтынмен де, жолай алмайсың. Бұл кітаптарға жолды арақ қана таба алады». Ал енді, қазіргі таңдағы Қойшығара Салғараұлы Қытайда бір жыл жатып олардың мұрағаттарына қол жеткізу үшін тек арақтың ғана көмегі болғанын айтып жүр. Яғни, қытайлардың көңілін арақпен аулап, алдап-сулап отырып керегін алған.

     Мұсылмандықты ұстанған Хорезм шах Бағдат халифі  Әл-Нәсірдің жоғарғы рухани билігін мойындамаған еді. Міне, соның үшін осы Әл-Нәсір халиф Шыңғыс ханға елшілік жіберіп, Шыңғыс ханды Хорезмшахқа айдап салмақшы болған  дейді.  Шыңғыс ханды көндіре алмаған бұл халиф те, мұсылмандықты бек ұстанған ұйғырларды арандатушылыққа айдап салуы мүмкін. Әл-Нәсірмен одақтас болған найманның Күшлік ханы мен Хорезмшахтың арасында жер дауы болған. Алай да, Күшліктің хандығының күшеюіне байланысты Хорезмшах наймандарға Сырдарияның орта бөлігі мен Ферғанадағы бекіністерін тастап кетеді. Шыңғыс ханның болса, жаужүрек наймандардың Күшлік ханы тірі тұрғанда ұйқысы болмаған. Ол Күшлік хан мен Хорезмшахтың өзіне қарсы одақ құруынан қауіптенген. Бұндай жағдайларда Шыңғыс ханның Хорезмшахқа қарсы соғысты ашу үшін арандатушылық жасады дегендері сын көтермейді. Солтүстікке келіп-кетіп жүрген мұсылман саудагерлерінің арасында Шыңғыс ханның тыңшылары болған. Міне осылардан Шыңғыс хан Жетісу мен Орта Азиядағы барлық саяси жағдайларды біліп отырған. Сондықтан да, ол Хорезмшах пен Отырарға бармас бұрын, алдымен Хорезмшахпен араз жүрген Жетісудағы Күшлікті шапқан.

    Кейбір зерттеушілер найманның ханы Күшліктің Хорезмшахпен бірігіп Шыңғыс ханға қарсы одақ құруға тырысқанын айтады. Алай да, Шыңғыс ханның алтынына сатылған Хорезмшах Мұхамед оны Шыңғыс ханға жеке қалтырған сыңайлы. Әрине, Бехад-ад-дин бастаған Хорезмшахтың елшілерінің Шыңғыс ханға барғандары рас болса, онда, олардың арасында міндетті түрде Күшлікке қарсы бағытталған астыртын келіссөздер жүргізілді. Ол заманда Шыңғыс ханға бағынбай, ұзақ жылдар бойы онымен теке-тірескен наймандардай әлемде ел болған жоқ.   Сондықтан да, Шыңғыс ханның наймандарды өзінің көзінен таса қалдыруы мүмкін емес.  Хорезмшахқа соғыс жариялаған Шыңғыс хан, артында наймандарды қалдырмауды  ойлап, Күшлік ханның қол астындағы мұсылман халықтармен араздығын пайдаланып, бұл халыққа діни еркіндікті уәде етіп, айласын асырып, сол халықтың көмегімен алдымен Күшліктің түбіне жетті.  Осыдан кейін, Шыңғыс ханның әлемді жаулауға бағытталған алғашқы қадамы болды.  

    Отырардың билеушісі иналшық Қайыханның қамалда қорғанудан басқа амалы болмады. Қол астындағы 20 мың әскерімен оның мағолдарға қарсы ашық алаңда жеңіске жетуі мүмкін емес еді.  Шын аты  Жағантуды  болған иналшық Кайыхан да Кай әулеті қияттардың (кай+ут) қандасы болған.   Жағантудының  «иналшық» деген атағы «мүрагер» дегенді білдірсе, Кайыхан деген атағы - Кай әулетінің хандары дегенді білдірген.  Осман империясын құрғандардың Кайыхандар болғандары белгілі. Яғни бұл атау – хан болуға  лайық, Кай әулетінің мұрагері деген мағынаны беріп тұр. Қалай болса да, Шыңғыс ханның Отырарға жорығының себеп-салдарының жасанды  болғаны күмән келтірмейді. Шыңғыс хан 500 түйеден тұратын керуенін Хорезмшахтан өзіне келген елшілермен бір мезгілде, яғни солардың артынан іле-шала жіберген еді. Бейбіт елшіліктен кейінгі бейбіт керуенді, араб тарихшысы Ибн-Аль-асир айтқандай Қайыханның өз бетімен тонап алуы мүмкін емес.

     Ақырғы кезде елбасымыздың қазақ ғалымдары жөнінде, олардың Шыңғыс ханды қазақ қылғаннан басқа істері жоқ екендерін айтып сөккеніне байланысты, биліктегілердің арасында елбасымыздың Шыңғыс ханның мәселесін жауып тастағаны жөнінде лақаб тарап кетті. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында бірімен бірі жарысқан жағымпаздар Шыңғыс ханды қайтадан жауыз атай бастады. Отырарға қатысты болған арандатушылықты Шыңғыс ханның өзіне жапты. Шынына келгенде, былай деп айтудың ешбір дәлелі жоқ. Бұл мәселені қарастырғанда, ең алдымен Шыңғыс ханның өзімен жиырма жылға жуық соғысқан «наймандардың мәселесін» айналып өтуге болмайды.  Орыс зерттеушілерінің: «С падения Найманского государства начинается нашествие Чингис хана на мир» дегендері өте орынды айтылған. Өте айлакер болған Шыңғыс хан Хорезмшахтан келген елшіліктен, олардың патшаларына түйенің өркешіндей алтынды Хорезмшахты өзіне тарту үшін беріп жіберген деп түсінуіміз керек. Және де, қыпшақтармен ең алғашқы, яғни Отырар арандатушылығына дейінгі шайқаста Жошының қолы олармен үш күн, үш түн соғысып, ақырында қашып құтылған.  Демек, қыпшақтардың осал жау емес екендерін Шыңғыс хан жақсы білген. Сондықтан да, жоғарыда айтылғандай,  ол қыпшақтар мен наймандардың, сартауылдардың қосылып кетулерінен сескенген. Логика деген ғылымға жүгінетін болсақ, сол замандағы Орта Азияның саяси жағдайларына байланысты, өзін шығыс патшасы, Хоремшахты батыс патшасы санаған Шыңғыс ханның да, Шыңғыс ханның Қытайды қандай күшпен бағындырғанын Бехад-ад-диннің айтқандарынан біліп отырған Хорезмшахтың да бұл соғысты қаламағандарын түсінеміз.    

    Ал енді, елбасымызыдың айтқан сөздеріне келетін болсақ, кейбір саясаттанушылар бұл сөздерді ол кісінің бірлікті ойлап айтқанын жеткізеді. Яғни, қазақтардың Шыңғыс ханға таласып, бір-бірімен қырқысып кетерінен қорқатынын айтады. Анығында, Шыңғыс хан мәселесі қазақтың арасында ешқандай да талас тудырып отырған жоқ. Бұл бос әңгіме. Осымен қатар, Шыңғыс ханды арыдан Қиян мен Бөрте шенеден, беріде қият Дубун-Баяннан таратып отырғандардікі де бос әңгіме, түкке де тұрмайтын болымсыз хикаят. Бұл хикаятты Шыңғыс ханды найманға, керейге, жалайырға, үйсінге, дулатқа, тіпті қарақалпаққа санап жүргендер айтып жүр. Бұлардікін талас деп айтуға да тұрмайды.  Бұл жалған ақпаратты төрелер әулетіне саналу үшін айтқызған Шыңғыс ханның өзі болған. Сондықтан да оның ұрпақтары осы күнге дейін өздерін Бөрте шенеден бастап, Дубун-Баян арқылы таратады. Ал енді Рашиден болса, Алан анадан бастап тараған бөржігін әулетінің қияттардағы «басқа сала» екенін айтқан. Біздер бұл жайды «Құпия шежіреден» Рашиденсіз-ақ түсінеміз. Қазіргі мағолдардың генетик ғалымы Батбаярын Хэрлен де, Дубун-Баяндар  мен бөріжігіндердің екеуінің екі бөлек генотип екендерін айтады.

     Елбасымыз ғалымдардың Шыңғыс ханмен әуестеніп кеткендерін бекер айтқан жоқ.  Бұл жердегі мәселе, тарих емес, басқа саланың ғалымдарының тарихпен айналысып кеткендерінде жатыр. Өздерінің мамандықтары бойынша ешнәрсе бітіре алмаған бұл ғалымдар тегін жатқан тарихқа атақ үшін жармасқандар болған соң, елбасымыз осыларды келемеждеп отыр. Келемеждейтін жөні бар, өйткені, өз салаларында академик атақтары бар бұл ғалымдар тарих саласында дилетант атанып жүр. Ал енді, нақ тарихшы ғалымдар Кеңес дәурінде алған ғылыми атақтарын қорғап, коммунистердің идеологиясының буымен әлі де Шыңғыс ханды халха-маңғол деп келе жатыр. Осыған орай, қырық жыл мектеп қабырғасында қарапайым ұстаз болып жүрген, менің сұрауыммен конспектісін жазып берген, өз елімізде атағы шыққан тарихшы Қабыш ағаның жазғандарын, мүйіздері қарағайдай болып Шыңғыс ханды казақ емес деп жүрген академиктердің назарына  келтірелік:   «Қазақ ұғымы, қазақ халық әдебиетінде ежелгі қият-қыпшақпен туыстас және одақтас ретінде жүреді. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің әдеби зерттеулерінде «қият-қыпшақ елі» деп жазады. Уақыт өте келе ұлғайған Қият тайпасы жеке-жеке бес руға бөлінеді. Олар мыналар: қият-жұрқын, қият-шаншығұт, қият-жасар, қият-қоралас, қият-бөржігін. Шыңғыс хан қият-бөржігін руына жатады. Бертін келе қият-бөржігін, яғни, Шыңғыс хан әулеті төре атанды. Сонда, қазіргі маңғол қайда қалады, олар қайдан келген, олардың арғы тегі кім? деген сұрақ туындайды. Оның жауабы мынау: қазіргі маңғодар 13-ші ғасырдың аяғында қазіргі Маңғолия жеріне Тибеттен ауып келген ламалардың ұрпақтары. Қазақтардың мағол атауы осыларға ауысқан».

   Осыған қосарымыз, қият-жұрқын дегені найман хандарының руы, қият-қоралас дегені Алан ананың руы болады. Құнанбай да қияттардың қазақтар екендерін айтқан, өйткені ол өзі қият-тобықтыдан еді. Негізінде найман арасындағы шежірешілер қияттар жөніндегі әңгімені: «Құнанбай айтқан» деп бастайды. Қият-бөржігін қияттарға кірме. Олар, қият Дубун-Баянның жесірімен махаббат құрып, осы Алан анамызға үш ұлды бірден таптырған Байұлы адайдың Мұңалының жігітінен тарағандар. «Құпия шежіреде» Байұлы Мұңал – «баяут-мағалық» деп айтылған. Әбілғазының айтқан «мұңол-мұғұлы» осы мұңал болады.  Шежіреші болған Әбілғазы мұң+ол (ал) атауының айтылуы қиын болғандықтан «мұғұлға» (моғол) айналған дейді. Расында да, егер де сіздер «мұңал», «мұңал» деп бірнеше рет қайталасаңыз бұл сөз мұғал, мұғұл болып естіледі. Әнес Сарай ағамыздың зерттеулерінен біздер  мұңал дегеніміздің ертеде мұғал, мұқал деп айтылып жүргенін көреміз.  Сонда, «Құпия шежіредегі»  «баяут-мағалық» дегендері анығында - «баяут-мұғалық» болмақ. Бұл мұң+ал дегеніміз, мағол атауының мағынасын Рашиденнің түсіндіргеніндегі: «әрқашан мұңлы болыңдар» дегенін растап тұр.  (Будьте всегда опечаленными. Рашиден). Мұңалдар мен Шыңғыс ханның таңбасының бір болғаны осыдан. Осымен қатар, Шыңғыс хан баяуттарға, яғни, Байұлына «утэку» деген атақ берген.    Яғни, атеке, ата ру деген мағынада. Үш аша таңбаны Шыңғыс хан қияттардан, жалайырлардан малданып кеткен. Өйткені, бұл таңба ежелгі арийлік патшалар әулетінің таңбасы еді. Бөржігін әулетінің таңбасы үндірариилердің свастика, біздіңше «қаршыға» таңбасы болады. Орыстар бұл таңбаны «индуистскии знак свастики» деп атайды. Бөржігіндердің, яғни адайлардың үндіариилерге қатысын біздер көне үнді жазбаларындағы  ешкімге дес бермеген жауынгер дай тайпасы жөніндегі деректен аңғарамыз.  Кезінде адайлар Ескендірге ілесіп Индияға дейін барып, Африкадағы Нил өзенінен су ішкен.  Бұл таңба ариилерге жататын ежелгі тохарларда  да болған. Тохар дегеніміз тоқыр, тақыр, таз, тәжік, тәзіке, қазіргі Байұлы мен адайлардың құрамында да бар.

    Шыңғыс хан жөнінде кітәп жазған Қайрат Закирянов, таңбасына қарай бөржігіндерді арийлерге жатқызып жүрген жалғыз зертттеуші емес. «Тайны империи Чингисхана» атты еңбегінің авторы Иоанн Горненский Шыңғыс ханның арийлік нәсілдің қайта жаңғыруын қамтамасыз ету  үшін бір халықтарды түбімен жойған, бір халықтарды бағындырған машайық болғанын айтады. Нәсілдер арасындағы теңсіздік теориясының негізін қалаған, халықтардың ұлы көшін зерттеген  беделді тарихшылардың бірі  Артур Гобино Шыңғыс хан мағолдарының жетсітіктерінің басты себебін, олардың арийлік принциптерді ұстанғандарымен түсіндіреді. Иә, тар мағынада Шыңғыс хан әулетінің нұрдан жаралғанын жеткізген  шежірелік ақпарат миф болса, кең мағынада бұл ақпарат Шыңғыс ханның бұл дүниеге әлемдік тәртіпті орнату үшін келгенін, яғни оның «құдайдың ұлы», «құдайдың қамшысы» болғанын, және де оның ұлттық, нәсілдік (қазақтық) рухын білдіріп тұрған балама ақпарат.  Ал тарихты болса, жеке тұлғалар емес, ұлттық рух жасайды. «Құпия шежіредегі» Алан анаға Көк Тәңірінің нұрының Ай сәулесімен келіп, Күн сәулесімен кетіп отырғаны, ариилердің заманынан бері Ай мен Күнге табынған  қазақтардың наным-сенімінің белгісі болады.  Ариилердің қаситетті кітәбі Авестада:  «Помолимся связи, Из всех наилучшей, Меж Солнцем и Луною!» деп айтылған. Қазақ жеріндегі аспан асты ғибадатханадағы петроглифтерден (Тамғалы) біздер қола дәуірінде, яғни арийлердің заманында осы нұрдан жаралу идеологиясының болғанын көреміз. Енді осы «нұрдан жаралу» идеологиясының қыпшақтарға қатысы жөнінде айталық.

   Шыңғыс хан жөнінде көлемді эпопея жазған Мұхтар Мағауин ағамыз: «Біз Отырарды қайтарып алдық» дегенінде, қияттардың қыпшақтар екендерін біліп, Отырарды сартауылдардан қайтарып алдық деген мағынада айтқан болса керек. Қияттардың қыпшақтар екені арғықазақ мифологиясынан білінеді. Көшпенділердің ауызынан жазылып алынған  көне қытай нұсқаларындағы Апанбайдың (Абанбу. кит.) он жеті ұлының бірі Ичжинишидудың Со (сақ) аймағында туғаны айтылады. Осы Ичжинишидудің бір ұлы аққуға айналып кеткен екен-мыс. Бұл жердегі аққу деп қыпшақ айтылып тұр. Өйткені, қыпшақтардың европалық атауы куман – аққу адам дегенді білдіреді. Бұл жердегі «қу» дегеніміз аққу да, «ман» жалғауы – атарман, шабарман дегендердегі сияқты түбірдің табиғатын айтып тұр. Осымен қатар, "Құнанбай айтты" дегендегі аңызда Қият деген ұлдың аққу қыздан туғаны айтылады. Негізі, аққу құсының қаңлы-қыпшақ, қазақтардың қасиетті, киелі құсы саналатыны белгілі. Осыны білген орыстар өздерінің «Слово о полку Игореве» атты эпостарында аллегорлау арқылы аққу құсын «жау» деп атайды. Өйткені, олар өздерін шауып жүрген половецтердің аққу елі саналатын қаңлы-қыпшақ, қазақтар екендерін білген.  Мәселен, бұл эпоста «пред полками касожскими» деген сөздер бар. Яғни «қазақ әскерінің алдында» деген сөз.

    Ежелгі ұйғырлардың «Селеңгі тасында»: «Түрік-қыбшақтар біздерді елу жыл билегенде» деген жазулар бар. Бұл «елу жыл» Батыс Түрік қағанатының кезіне келіп тұр. Бұл қағанатта қыпшақтардың ықпалы күшті болғандықтан ұйғырлар оларды түрікке санап, түрік-қыпшақ деп атаған болса керек. Ал енді, белгілі түркітанушы, мағолтанушы ғалым Сергей Кляшторный болса, бұл сөздерді «түріктер мен қыбшақтар» деп түсіндіреді. Қалай болса да, қият-қыпшақтар қазіргі Маңғол үстіртіне Орта Азиядан осы Батыс қағанаты ыдырағаннан кейін келген. Сондықтан да, «Құпия шежіреде» Бұрқан-қалдан тауына келген кезде Бөрте шене (шұнақ ит) мен Қоймарал (архар) анамыздан туды деген  баланың атын Батцагаан, яғни Батыс қаған қойған. Тамғалыдағы тастардан біздер осы шұнақ құлақ ит пен архардың Ай мен Күннің символдары екендерін көреміз. Әбілғазы ертеде архардың қоймарал аталғанын жеткізген еді.  Сондағы: «Құпия шежіредегі» Шене дегеніміз - Шұнақ та, Гоа Маралымыз – Әбілғазы айтқан қоймарал, яғни, архар болады.  Қытайлар көшпенділердің бәрін татарлар деп атағандары белгілі. Сондықтан да, «Мен-да Бей-лу» дерегінде Чжао Хун Шыңғыс ханның мағолдары жөнінде айтқанда: «Племена (татар) происходят от особого рода ша-то. Поэтому о них ничего не было известно в течении ряда поколении» дейді. Белгілі совет синологы (қытайтанушы) және аудармашы Н.Ц. Мункуев ша-то дегенге қатысты: «Ша-то – конфедерация племен западных тюрков, обитавших в 7 в., по одним данным, в районе Ферганы на бывшей территории усуней. В 7-10 вв. отколовшиеся группы ша-то проживали на территории современных провинций Шеньси, Гансу, и Шаньси. В 10 веке они захватили Северный Китай» деп анықтама береді. Бұл жерде қияттардың Ферғанадан, яғни біз айтқан Ергене қоң жақтан келгендері айтылып тұр. Ал енді, «на бывшей территории усуней» дегенде, кезіндегі юечжилердің үйсіндерді қырып тастап, жерін тартып алғандары айтылып тұрған болса керек. Батыс қағандарының бірі болған Тоң жабғының осы «ягбу» лауазымы Кляшторныйдың айтуынша Юечжи-Кушан империясында болған. Демек, бұл лауазымды Батыс түрік қағанатына қыпшақтар енгізген. Бұл жердегі Кушан дегеніміз қытайлардың «хушьянг, «хуша» деп айтқандарындағы қыпшақты білдіреді.

    С. Кляшторный Білге қаған құлпытасындағы жазуларды орыс тіліне былай деп аударады: «О, живушие в юртах беги и простой народ... шести племен сиров, девяти племен огузов, двух племен едизов!». Бұл жердегі «сир» дегені - қыпшақтар, «тоғыз оғыз» дегені – ұйғырлар, едиз дегендері аде-едиз, біздіңше адай-таздар.  Қазақ ғалымдары Кляшторныйдың Сир дегенін Сір деп жазады. Қайрат Закирянов Сеир-сиыршы дейді. Бұлар «енда» деген тайпамен қосылып – Сір-енда деп те аталады.   Қытайша – Сеяньто. Қыпшақтар ариилердің тікелей ұрпақтары ретінде ертеде сиыр малын қадыр тұтқан халық болады. Сондықтан да, қыпшақ шежіресінде күллі қыпшақ Мүйіздіден (бұқадан) таратылған. Бұл жердегі «сир» дегені – қасиетті сиыр ананың ұлдары деген мағынаны беріп тұрса керек. Найман хандығын құрғандардың қаңлы, қият-қыпшақтар болғандықтарынан, біздің басты таңбамыздың біреуі – бұқаның мүйізі болса, екінішісі -  бұқаның ноқтасы болады. Осымен қатар, шежірелік Найман шалдың лақаб аты – Өкіреш, парсы тілінегі «ukar», яғни «бұқашық» болады. Найман хандарының есмідерінің Байбұқа, Тайбұқа болғандары осыдан. Арийлердің мифологиясы бойынша, Ай Тәңірі мен қасиетті сиыр анадан осы қасиетті бұқа (Өкіреш)  туады екен-мыс. Осы Өкіреш қыпшақ шежіресінде Мүйізді деп аталған. Осыдан біздер қазіргі қыпшақ пен найманның түбінің бір екенін ұғамыз. Сондықтан да, олар алты алаштың құрамында бірге аталып, қазақ еліне қатысты ноғайлардың айтқандарында: «Сөз анасы Қыпшақ, ел анасы Найман» болады, бәрібір де, бір қыпшақ.

     Бұл Сірлердің қағанаты болғанда олардың қағаны Илиту (Ильтэр) әулетінен шыққан Иенші Білге-қаған еді. 646-ші жылы осы Иеншінің ұлы Басшы (Бачжо) қаған болғанда ұйғырлар қытайлармен бірігіп Сірлерді қырғынға ұшыратып, Басшыны өлтіріп, оның үрім-бұтағын түгелімен қырып тастаған. Міне, осыдан кейін Сір-қыпшақтар бір ағайынды қаңлылармен бірге кейін Найман аталған Сегіз-оғыз бірлестігін құрған. Бұл бірлестік жөнінде «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының ғалымдары болса: «...наймандардың бабалары ұйғырларға қарсы күресте Сегіз оғыз одағын құрды. Мұндағы «оғыз» этнонимі негізінен наймандардың бабаларын ұйғырлардан ажырату үшін қажет болды» дейді.

     Сир этнонимі 735-ші жылдан, яғни Сегіз-оғыз бірлестігі құрылғаннан кейін тарихи сахнадан кеткен. Дәл осы кезде олардың қыпшақ деген екінші  атаулары араб деректерінде айтыла бастады. (С. Кляшторный.). Сірлердің Илиту, Ильтер деп аталған патшалық әулеттерінің атауы найман шежіресіне Елата (Илиту), Елтай (Ильтер) деген атпен кірді.  Бұл Елата, сиырдың ноқтасына ұқсаған  таңбаны алған Терістаңбалының атасы саналады. Әйгілі Кетбұқа бабамыз осы Терістаңбалыдан еді. Жоғарыда айтылғандай, тек патшалар әулетінің өкілі  ғана «бұқа» атанған болған. Осымен қатар Терістаңбалының «ноқта ағасы» деген атағы да бар. Қазіргі таңдағы шежірені «білгіштер» (М. Ысқақбай) ноқта ағасы дегеннің Шыңғыс ханның құдірет-күшінен болған деп сайрайды-ау кеп-кеп.  Анығында ноқта ағасы дегеніміз таңбалы тастарда көрсетілгендей, қос ноқтамен Ай Тәңірі мен Күн Тәңіріне арнап шалатын құрбандықтарды жетелеп әкелетін адам болады. Кейінгілер ноқта ағасы дегенді – керуеннің алдыңғы түйесін жетелейтін адам деп дұрыс айтқан. Яғни, бұл сөз «жетелеуші» деген мағынада айтылған. Тайпаға қатысты бұл жетелеуші, малды емес, елді жетелейтін адам, яғни хан, патша деген мағынада айтылған. Терістаңбалы Ақтана, Ақтоғыс деген екі тармақтан тұрады. Ақтана дегеніміз де бұлардың түбінің кешегі сиыр ананың атын алған сир-қыпшақтар екендерін білдіріп тұр. Илиту, яғни Елата да, ариилердің патшалық Кай әулетінің ұрпағы болады. Елатаның таңбасы мен кеянидтер шежіресіндегі патшалардың таңбалары бір – ноқта таңба. Илиту-Ильтэр (Елата) әулеті мен ұйғырлардың Яғлакар әулетін салыстырған Кляшторный: «Но в сравнении с сирами, их правящим родом Ильтэр, никакого превосходства знатности князья из рода Яглакар не имели» дейді. Ұйғырлар қағандық құрғанда қаған ретінде осы Яғлақарларды билікке әкелген. Ұйғыр халқы болса, бұлардың тексіз екендерін біліп, оларды мойындамай қарсы болған. Әрине, олар тексіз болады, өйткені олардың түбі каи-қыпшақ емес еді.  Яғлақарларды жалайыр деп жүргендер де, бар.

     Осымен қатар қаңлы мен қыпшақтардың түбінде бір халық екендерін айта кету керек. Ғалымдар да осыны айтады. Қаңлының таңбасы бір таяқ, қыпшақтың таңбасы екі таяқ, екеуі де, болмысында бір таңба. Қазіргі қыпшақтардың екі таяғы «екінші қаңлы» (тот же канлы) деген мағына беріп тұрғандай. Махмұд Қашғари мен Рашиденнің деректерінде қаңлы саналатын каилердің таңбасы – ортасында найманның мүйіз таңбасы тұрған екі таяқ ретінде көрсетілген.  Осыдан-ақ біздер найман мен қыпшақтың түбінің бір – каи-қаңлы екендерін түсінеміз. Мүйіз таңбаны наймандар әкеткен, таяқтар қыпшақтарда қалған.  Қазақстан республикасының ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымының докторы, Халық аралық қыпшақтану орталығының директоры, профессор Б.Е. Кумекеев, өзінің жазған: «Об этнониме и этносе кипчак в диахронии» атты еңбегінде қаңлы мен каилардың қыпшақ қауымының зтникалық компоненті екендерін айтады. Белгілі түркітанушы және кытайтанушы Ю. Зуев «урбе кыпшак дегенді қытайдың «Юань ши» дерегіндегі «юйлибейли», орыстардың «Ипатьев жыднамасындағы» «Половци-Орльплюеве» дегендеріне қатысты айтып, бүл сөздің мағынасын қазақ тілін білмеген соң, түсіндіре алмаған. Анығында, бұл «урбе кыпшак» дегені арбалы қыпшақ болады. Қаңлы-қыпшақ деп айтсақ қателеспейміз. Махмуд Қашқари: «Қыпшақ ұлысының жақсы-жайсаң ұлықтары қаңлылардан еді» деп жазады.  Араб жылнамашылары Аль-Нувейри мен Ибн Халдуни қаңлыларды қыпшақтардың бір тайпасы болғандарын айтады.

     Қыпшақтардың сиыр аналарының атауынан бас тартқандарының,  тіпті, шежірелерінде өздерінің бұқатекті екендерін де атамай, Өкіреш дегенді Мүйізді деп атағандарының негізінде абыз-ақындық наным-сенім жатыр. Қытай деректеріндегі аңыз бойынша, қытайлар мен ұйғырлар бірігіп Сір тайпасын қырғынға ұшыратардың алдында оларға (сірге) бөрібасты бір адам келіп Отікенге ертіп апарғанда, алдарынан екі аруақ шығып: «Сиыр елі түп-тамырымен құртылады» деген екен. (бал ашқан).  Осыдан кейін ұйғырлардың қытайлармен біріккен шабулары  басталады. Осы қырғыннан аман қалған Сірлер ежелгі наным-сенім бойынша тағдырды алдап кету үшін  өздерінің атауларынан бас тартып, Сегіз-оғыз атауын алады. Анығында, орыс зерттеушілерінің айтқандарында бұл сегіз тайпаның оғыздарға ешқандай қатыстары жоқ, бұл тайпаның атауы Сегіз-өгіз болған. Қыйдандар оларды Найман, яғни «сегіздер» атап кетеді. Алай да, олар шежіресінде бәрібір де Өкірешті атап қояды. Осы сияқты қыпшақтар да, бөрі лағнеттің атын атамайтынымыз  сияқты, шежіресінде енді сиыр атын, Өкіреш атын атамаса да, өздерін білдіру үшін Мүйіздіден таратып қояды.  

    Тамғалыдағы арийлердің заманындағы петроглифтердің бірінен біздер осы Ай Тәңірі мен сиыр ананың арасындағы жыныстық қатынас көрінісін аңғарамыз. Міне, қият-қыпшақтардың арасына «нұрдан жаралу» мифі осыдан келген.  Яғни, арийлік ата-бабаларынан келген. Нұрдан жаралу - «Құдайдың ұлы» деген мағынада патшалық әулетті білдіреді.  Қазіргі маңғол атаулының бұл мифке ешқандай да қатысы жоқ.  Ал енді, Кай әулеті қияттардың шежіресіндегі Дубун-Баян өлгеннен кейін оның жұбайы Алан анаға Ай Тәңірінің келді дегендері фальсификация, яғни, жалғанатты (самозванец) патшалық әулет жасаудың амалы болған.  Сондықтан да, бұл шежіре «құпия» саналған.  Алан ананың да таңбасы ноқта еді.

     Иә, нағыз төрелер қаңлы-қыпшақтар, кеянид-қияттар, яғни Кай әулеті. Кляшторный «сир», «каи» «қыпшақ» деген атаулардың бір массивті білдіретінін  айтады. Сондықтан да, қазақта: «Қаңлы отырған жерде хан да бата бере алмайды», «Келелі елде қаңлы бар, қаңлыдан хан көтер» деген сөздер қалған. Міне, осы сөзден-ақ біздер Шыңғыс хан әулетінің жалған төре екенін түсінеміз. Әйтпесе, ханның аты хан, ол неге қаңлыдан төмен болады?  Шыңғыс ханның тегіне қатысы жоқ наймандардың төре-найман деген атағы барын кім білмейді?

    «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы жариялаған шежіреде наймандар Кай әулетінен тарап тұр.  Яғни, шежіресіне сай наймандар да нағыз төрелер болады.  Сондықтан да, ертеде наймандардың төре-найман, қаңлы-найман  деген атағы болған. Кай әулетінің атасы Кей Кувад (Кейқуат) болса, қазақтағы кай әулетінің атасы Кей Вишень, яғни Кляшторный айтқан Кави Виштаспа. Осы Кави Виштаспа Заратуштарға қамқор жасаған адам, наурыз мейрамын тойлау кезін жаз айына жылжытып, сабантойдың пайда болуына себепші болған. Кеңес дәуірінде біздер наурыз мейрамын ұмытқанға дейін барсақ, бабамыздың сабантойын жылда тойлап отырдық.  Ат шаптырдық, балуан күрестірдік. Кави дегеніміз абыз-ақын. Яғни, абыз-ақын патша деген мағынада. Кай атауы осы Кавиден болған. Қыпшақ дегеніміз осы Кавиге қатысты Кави+шақ дегеннен қалған. Қазақша – қыбашақ. «Шақ» жалғауы құлыншақ, бала-шаға  дегендегі сияқты -  ұрпағы дегенді білдіреді. Кави ұрпағы. Яғни, жоғарыда айтқандай қыпшақтың да арғы түбі каилер. Мәселен, қыпшақтар шежіресіндегі Мүйізді, Көбеқалыптан тарайды. Бұл жердегі «көбе» - Кави атауының қазақшаланғаны болса, «қалып» - тұла бойы, қалыбы, болмысы деген мағына беріп тұр. Яғни, болмысы Кави, абыз-ақын патша.  Демек, шежіре қыпшақтың әкесінің Сары абыз (сары кави), атасының Мүйізді, арғы атасының Көбеқалып екенін айтып, тайпаның түбінің ариилік абыз-ақын Кавилер екендерін білдіріп тұр. Осыдан біз қыпшақ этнонимінің  Кави атауынан болғанын анық түсінеміз. Сонымен қатар қазақтағы Қаби есімінің басты нұсқасы  осы Кави болады.  Кави мен каи, кейдің бір сөз екенін білген орыстар біздерді кей+сак, кай+сак деп атап кеткен. Яғни, абыз-ақын сақтар деген мағынада. Демек, орыстар берген біздердің «кайсак» деген атауымыз – «кавишақ» дегеннің бір фонетикалық нұсқасы болады. Қазақ деген атау «кайсактан» болғанда, осыдан біздер «қазақ» дегеннің қыпшақ екенін түсінеміз. Олжас Сұлейменов айтқан «страна белых гусей», яғни қаз+ақ, ақ+қаз дегенінің де, қыпшақтар екені жоғарыда айтылды. Осыдан біздер, Қонаевтың дәуірінде жазылған тарихымыздағы қазақтың атасы үйсін дегеннің жалған екенін түсінеміз. Қазіргі айтылып жүрген «тарихымыздың» да, қарық емес екені белігілі.

    Әбілғазылар айтқан «қабықша» деген нұсқа, Өкірешті «жар төсегінде өкіргеннен болған» деген сияқты  жалған, өйткені, Рашиден де, Әбілғазы да жалған төрелердің тарихын айтқан соң, қыпшақтың атауының төрелік нақты мағынасын әдейі бұрмалап жіберген. Кляшторный ақиқатқа жақындап, Аблязов дегеннің (Мұхтар емес) тапсыруымен жазған қазақтың тарихында ертеде қыпшақ атауының  алдымен «сир», кейін «кывшак ковы» деген нұсқасы болғанын айтады.  Алай да, ғалым бұл сөздің мағынасын дұрыс түсіндіре алмаған.  Кывшак ковы дегені кави-қыпшақ екені айтпаса да, түсінікті.  Сонымен, Шыңғыс ханның қаңлы-қыпшаққа да, Кей Қувадқа да, Кей Виштаспқа да, Осман империясын құрып монархиялық әулеттер қатарына алынған Кай әулетіне де ешқандай да генеалогиялық та, генетикалық та (аталық жағынан) қатысы жоқ.  Сондықтан да, қаламие  «Найман хандары және Шыңғыс хан» атты мақаласында, Отырардың билеушісі Кайыханның да Кай әулетінің өкілі бола тұра, Шыңғыс ханның жалғанатты төре екенін бетіне айтқан соң, аузына ерітіліген күміс құйылған болар деп айтқан. Қыпшақ Иналшы Кайыхан нағыз текті әулеттің ұрпағы еді. Сондықтан оның керуенге қарақшылық жасауы мүмкін емес. Текті қазақта атам заманнан бері айтылатын: «Кісі өлтіріп, керуен тонап, ханыма қарсы шыққаным жоқ!» деген сөз бар.

    Сонымен біздер, «бөрілі байрақ» деп Сүйінбайлардың жырлап кеткендерінің ұйғырдың ұраны екенін түсіндік деймін. Қ. Байбатшаның айтқанында бөріні қадыр тұтқан түркітің түбі үйсін, Тілеубердінің айтқанында үйсін дегеніміз ұйғыр екен.  Бәйдібек Бумын қағанның ұрпағы екен, доңызды қадір тұтқан алтын адам үйсін Елжау бидің ұлы Нулы би екен. Ал біздер, қазақтар болсақ, Ұлы даланы, яғни, Дешті-Қыпшақты жаратылыстан бері жайлаған қыпшақтармыз. Шындыққа недәуір жақынырақ етіп қазақтың тарихын жазған Кляшторный мен Сұлтановтар: «Мусульманские историки и русские летописцы знают кипчаков-половцев как племя многочисленное и сильное, именем которого стала называться вся Великая Степь» деген еді. Тамғалы тастарда біздің бабаларымыздың аттың жалын тартып мінгендері нақты көрсетілген. Яғни, олар әу басында ешбір ер-тоқымсыз, аттың жалынан ұстап алып шауып жүрген. Археологиялық зерттеулер жылқының  ең алғаш қазақ жерінде мінуге жаратылғанын дәлелдеп берді. Өркениет, яғни цивилизация дегеніміз ең алдымен көлік, коммуникация. Яғни, біздің Дешті-Қыпшақ даламыз өркениеттің басты отаны болады. Біздің төтеміміз ешқашан да бөрі болмаған. Біздерді жауларымыз коммунистерден де бұрын адастырған. Қытайлар ұйғырлармен бірігіп қыпшақтарды құртып жібермекші болғанда, қыпшақтар түріктермен одақтасуға мәжбүр болып, ұйғыр мен қытайды шапқан. Елтеріс қағанмен қосылып 646-ші жылғы қырғынның кегін ұйғырлардан алған. Қаңлы-қыпшақ орысты да шапқан. Сондықтан, орыстар да, қыпшақ даласына көз аларта қараған. Міне, осындай кезеңдерде адай мен қыпшақ бірігіп дүниеге Шыңғыс хан бабамызды әкелді. Шыңғыс хан бастаған қазақ-қыпшақтар қытайларды қырғанда, адамның қанынан шылқыған  жер көпіріп, аттың аяғы тайған дейді. Найманның ғұлама шежіресі Ғұлама Қадырдің айтқанында, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтар жиналып кімге бодан болып аман қалуды ойлаған екен. Сол кезде бір ақсақал: «Қытайдың ноқтасы темір, орыстың ноқтасы қайыс. Біздер қайыс ноқтаны қашан да болсын үзіп кете береміз, ал енді темір ноқтаға басымызды бір тықсақ, ешқашан да құтыла алмаймыз» деген екен. Міне, көк түрік, көк бөрі дегеніміздің артында осы темір ноқта тұр. Қазіргі Стамболдағы сары қаңлылар өздерін 75 миллион қазақпыз деп жүргендері, олар өздерінің саясаттың кесірінен түрік атанғандарын түсінгеннен болған. С. Кляшторный түрік атауының түрік қағанаттарынан кейін саяси терминге айналғанын айтады. Міне, осы саясаттың себебінен елбөрі қыпшақ, бөрі найман деген атаулар пайда болған. Бұларды жаужүрек халық болғандықтарынан түріктер өздеріне тартып, әдейі бөрі атап кеткен. («Бөрі найман». К.З. Дәукеев.). Ұйғырлар «түрік-қыбшақтар» дегенде, биліктегі түркіттер мен дербес жасақ қыпшақтарды айтқан. Түріктердің Орхон деректері болса, «түріктер мен сирлер» дейді. Міне, осы ұйғырлар мен түркіттердің тасындағы жазулардан да, біздер түрік пен қыпшақтың екеуінің екі бөлек массивтер болғанын түсінеміз. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Түрік қағанаттарынан кейін қазіргі Ресей мен Қытайдың аралығындағы кеңістікті жылнамашылар «түрік әлемі» деп атап кеткен еді.  Қыпшақ-қазақтың «түрік» атанып жүргені осыдан ғана.

    «Құпия шежіредегі» Ай сәулесімен келгеннен кейін пайда болды деген ұрпақтың «борджигин» аталғаны ашқандай да «бөріжігіт, «бөрі тегін», «бөріжігі» емес, «жасыл-сұр көзділер» деген мағына беріп тұрған қыйдан тіліндегі атау. Маңғол тілдес қыйдандардың бұларға ат қойғанының еш таңырқағы жоқ. Наймандардың да аттарын өз тілдерінде қыйдандар қойған. Қаңлы елі болған қоңыраттардың да атын қанг+арат деп қыйдандар қойған. Кейін, қазақтар қоңырат деп атап алған.  Нұрдан жаралу идеологиясының классикалық нұсқасында Ай Сәулесі ешқашан да бөріге айналмайды. «Алтын дәптерде айтылғандай, ариилердің белгісі сары төбетке айналады. Ариилердің заманында салынған тастағы суреттерде  құйрығы шұнақ сары төбет  Ай Тәңірінің символдық тұлғасы ретінде көрсетілген. (Бөрте шұнақ).  «Құпия шежіредегі» сары төбетті  бөріге айналдырып жүргендер де біздердің жауларымыз. Қыпшақ атауына қатысты

Қатысты Мақалалар