Ресейлік Вирсавия Браун әлемде сирек кездесетін жүрек ауруымен ауырады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Миллион адамның ішінде тек бір адамда ғана кездесетін эктопия ауруымен ауырады. Эктопия- дене мүшелерінің орны ауысып орналасу. Бүлдіршіннің жүрегі дәл кеуде тұсында орындаласқан. Көзге көрініп тұратын кішкентай ғана жүрегі жұқа терімен ғана қорғалып тұр.

Бүлдіршін дүниеге келгенде дәрігерлер адам шошырлық диагноз қойған. Алайда сәби ештеңеге қарамастан өмір сүруге талпынып бүгінде 7 жасқа толды. Бүгінде бүлдіршін сурет сала алады, кітап оқып, мектеп бағдарламасын үйде өтеді.

Вирсавияның анасы қызын АҚШ апарды. Ол жақтағы дәрігерлер қыздың жүрегін кеуде тұсына жасырып орналастыруға болатынын айтты. Ол үшін бүлдіршіннің қан қысымын бір ретке келтіру керек.

Дайындаған: Айгерім ТАУБАЙ