Мадридтің "Реал" футбол клубы мен Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду 5 жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды vesti.kz.
Криштиану Роналду 2011-2013 жылдар аралығында ел қазынасына салық төлемеген. Сот футболшының түрлі қулықтар арқылы жалтарғанын дәлелдеген. Әлем таныған аяқ доп шебері өз қателігін мойындап, айыппұл төлейтін болса (8 миллион еуро) сот ойыншыны жайына қалдырады. Егер қарсы шығып, ісі толықтай расталса 15 айдан 5 жылға дейінгі аралықта жаза кесілуі мүмкін.
Айта кетейік, Испаниядағы салық мөлшері футболшылар жалақысының тең жартысына сәйкес келеді.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет