Полиция қызметкерлері Мэриленде сәбидің аяғын қызып тұрған табаға күйдірді деген айып тағылған бала күтушіні ұстады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
36 жастағы Исмельда Рамон Мендоса есімді әйел Бладенбург қаласында дүниеге келген. Дүйсенбі күні полиция қызметкерлері балаларға қатігездік танытқан әйелді қолға түсірді.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, Мендоса табаға тоқаш пісіріп жатқанда сәби үздіксіз жылаған.
Сәбидің жылағанына ашуы келген бала күтуші жылап жатқан баланы алып, қызып тұрған табаға аяқтарымен қойып ұстап тұрған.
Сәбидің анасы қызының аяғына не болғанын сұрағанда бала күтушісі ештеңе білмейтін түр танытқан.
Анасы уақыт оздырмай сол сәтте құқық қорғаушылармен байланысқа шыққан.
Дайындаған: Айгерім Таубай