Қытайдың жоғарғы соты жақында ішкі Моңғолия ауданының полиция бастығына қатысты өлім жазасын тағайындады. Чжао Липин экс-саяси кеңесші қызметінде болған жемқорлық пен адам өлімі үшін өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды.
ҚХР-ның Жоғарғы халықтық прокуратурасы осы жылдың ақпан айында оған жаза тағайындаған. Тергеу мәліметтері бойынша Липин 2015 жылы бір адамды атып өлтірген. Сонымен бірге заңсыз қару-жарақ сақтаған. 2015 жылдың соңында партиядан шығарылған. Ол өлім жазасына 2015 жылдың шілде айында кесілді.
Шолушы: Назерке Мұса