Құбыжықтан сұлуға айналған қыздың таңғажайып оқиғасы

/uploads/thumbnail/20170710084017061_small.jpg

Джемма Свифт бала күнінен құрдастарының мазағына қалған.   6 жасында қайғылы оқиға салдарынан тістерінің пішіні өзгерген қыздың қайғыға  толы өмірі жайлы жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Айналамыздағы адамдардың ішінен кішкентай нәрсенің өзіне арызданатындарды кезіктіреміз. Алайда шын мәнінде бір қайғылы оқиға өміріне зияны тиіп жатқандар да бар. Мектеп қабырғасында Джеммиді сыныптастары «зомби», «өлік», «қаңқа» деп атап мазақ еткен. Джемми құрдастарының қорлығына шыдай алмай өзіне-өзі қол салуға дейін барған.

Уақыт өте келе Джемми тістеріне бірнеше рет операция жасатады. Әр операция сайын бәрінің жақсы болып кететініне сенімді болады.

Ал қазір Джемма нәзік әрі ақылды, бір сөзбен айтқанда ақылына көркі сай қызға айналып шыға келді. Өзін жақсы көретін жігітті де кезіктірді.

Жігітінің бұрынғы сүйіктісі әлеуметтік желілерде Джеммиді қорлауын, тіл тигізуін тоқтатпайды. Сол себепті телебағдарламаға шығып мәлімдеме жасаған.

Түсірілімнен кейін телебағдарлама қызметкерлері Джеммиге келесі операция жасауына қаржы жинап берген. Бірнеше айдан соң Джемми бағдарламаға қайта түседі. Өмірінен риза, әрі бақытты қалпында. Бұрын соңды өзін мұншалықты бақытты сезінбегенін де жеткізді.

Дайындаған: Айгерім Таубай

 

Қатысты Мақалалар