Көкшетауда осыдан үш күн бұрын мектеп оқушысы жоғалған болатын. 13 жастағы қыз үш күннен соң тастанды үйден табылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап.
Александра Ткаченко 23 мамыр күні үйден шығып жоғалып кеткен. Оның жоғалғандығы туралы мәлімет полицияға 24 мамырда түскен.Облыстық ІІБ-сы жоғалған қызды іздеу жұмыстарына барлық төтенше қызметтерін жұмылдырылған.
Іздеу жұмыстары кезінде оқушы қыз тастанды үйдің ішінен табылған. №6 мектептің 5-сынып оқушысы өз апасымен бірге тұрғысы келмей үйден қашып кеткен.
«Бұған дейін де қыз бірнеше рет үйден қашып кетіп отырғаны белгілі болды. Қазір оны арнайы мектепке көшіру туралы мәселе қарастырылуда»-дейді полицей қызметкерлері.