Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

/uploads/thumbnail/20170710084043327_small.jpg

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Фейсбук парақшасында жариялады.

«Қанат Ислам мен Норберто Гонсалестің салмақ өлшеуі өтті. Барлығы ойдағыдай. Ертең азанда «Қазақстан» арнасын 6:00-де қосып, Қазаққа жанкүйер болыңыздар!», деп жазды ол.

Сондай-ақ, Жанқош Тұраровтың да салмақ өлшегені туралы пікірін қалдырды.

«Қазақтың батыры Жанқош Тұраров та салмақ өлшеу рәсіміннен сәтті өтті. Дайындығы керемет. Жеңіс күтіңіздер!», - делінген желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам өзінің кезекті жекпе-жегін 26 мамырда Бока-Ратонда (АҚШ, Флорида штаты) өткізеді. Оның қарсыласы - мексикалық Норберто Гонсалес (23-8, 13 КО). Бұл жарысқа бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental титулдары тігіледі.

Ал Жанқош Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесінде мексикалық Густаво Гарибаймен қолғап түйістіреді.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар