Фотоаппарат нысанына іліккен қорқынышты тіршілік иелері (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710084056421_small.jpg

Технология күнделікті өмірге нықтап орныққалы бері ғаламторда түсініксіз, беймәлім тіршілік иелерінің фотосы мен видеосы шығып тұратын болды.  

Әрине олардың көбі монтаждалған немесе фотошоп арқылы жасалған. Алайда камера нысанына ілігіп қалған дау тудыратындары да бар.

Бұл фото 2014 жылы түсірілген. Оны Нью-Мексикада жұмыс істейтін  геолог фотоға түсірген. Суреттегі беймәлім тіршілік иесінің нақты кім немесе не екенін ешкім біле алмады.

Каталонияның екі жігіті 2016 жылы көзі жанып тұрған мақұлықты түсіріп алған.

Бұл сурет 1963 жылы Аустралияда түсірілген. Онда не бейнеленгенін ешкім түсіне алмады. Ғалымдар оны сол жердің су астындағы ерекшелік екенін айтады.

Румындық қонақ үйлердің бірінде қонақтар мен қызметкерлер үнемі әйелдің сұлбасын байқайды.

1971 жылы Тед Литтон есімді фермер Техастағы тоғаннан осындай шаянға ұқсас мақұлықты ұстап алды. Жергілікті газетте фото шыққанына 8 сағат өткеннен кейін Тедті әскерилер қоршауға алған.

Миннесотадағы көлдердің бірінде ұсталған түсініксіз балық. 

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар