Қырғызстан азаматы 19 жастағы қызды соққыға жығып, зорлаған

/uploads/thumbnail/20170710084111608_small.jpg

Қырғызстан азаматы Подмосковье көшесіндегі 19 жастағы қызды соққыға жығып, артынан айуандықпен зорлаған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

22 мамыр күні түнгі уақытта 19 жастағы Подмосковья көшесінің тұрғыны полиция бөлімшесіне келіп арызданған. Бойжеткеннің айтуынша, белгісіз біреу оны Балаших көшесінде зорлықпен төсек қатынасына жыққан.

«Балаших көшесінде тұратын жұмыссыз әйелді 21 мамыр күні сағат 23:30 бен 22 мамыр күні 00:15 уақытында белгісіз бір ер адам оны соққыға жығып, кейіннен зорлап кеткен», - деп мәлімдеді телеарна дереккөзі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстаған. Ол жұмыссыз жүрген 29 жастағы Қырғызстан азаматы екен, қазір уақытша Мәскеу қаласында тұрып жатқан көрінеді. Аталмыш фактілерге сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар