27 мамыр күні, 06:00-де «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Стратегиялық маркетинг департаментіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, бокс кешіне қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров та қатысады. Оның қарсыласы - мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5КО) болмақ.
Қанат Ислам 1984 жылдың 13 қыркүйегінде Қытайда дүниеге келіп, Қазақстанға 2010 жылдары көшіп келген. Бұған дейін Қанат әуесқой бокста Қытайдан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медальға ие болған. Кәсіпқой бокспен 2012 жылдан бері айналысып келеді.
Қанат пен Норбертоның жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Казспорт» телеарналарынан 27 мамыр күні, 06:00-де өткізіп алмаңыздар!
Шолушы: Әсем Әлмұханбет