Әлеуметтік желілерде Тәжікстан елінің жемқорлыққа қарсы ведомства басшысы экс-орынбасары Давлатбек Хайрзодты тұтқынға алғаннан кейін оның анасының үйін тінтіген кезде түсірілген суреттер кеңінен таралды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Дереккөзі Далватбек Хайрзодтың анасының үйін тінту барысында түсірілген үш фотоны жариялаған.

Мобильді телефонға түсірілген фотода асүйдегі еденнің астында жертөленің бар екендігін көрінеді. Ол жерден бір қап доллар табылған.
Ол жерде нақты қанша қаржы бар екені белгісіз, дегенмен ақшаның көлеміне қарап миллион доллардан асатынын білуге болады.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айының аяғында Тәжікстандағы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің үлкен тобы құрықталған болатын. Кейінірек олардың көпшілігі тұтқындалған еді.
Ең бірінші болып Жемқорлыққа қарсы агенттіктің басшысы Фируз Холмуродзод тұтқындалған.

Оның артынан экс-орынбасары Фахриддин Бозоров, сол орталықтың эск-терегушісі Фирдавс Ниезбадалов, Хатлон облысының жемқорлыққа қарсы басқармасының төраға орынбасары Сафарали Хамидзода мен Душанбе қаласындағы тергеу бөлімнің басшысы Амиршо Султонзод тұтқынға алынды.

24 сәуір күні Жемқорлыққа қарсы агенттік директорының орынбасары, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап зейнетке шығарылған Бавлатбек Хайрзода тұтқындалды.
Аударған: Назерке Лабихан